АЛМАТЫ, АҚҚӨЛ, БІШКЕКТЕ САҒАДАТ НҰРМАҒАМБЕТОВ ЖҮЛДЕСІ ҮШІН ТУРНИРЛЕР ӨТТІ

17

4-6 мамыр күндері Ақкөл қаласындағы (Ақмола облысы) Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің залында Халық Қаhарманы, Кеңес Одағының Батыры, Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовты еске алуға арналған қазақ күресінен 2004-2005 жылғы жасөспірімдер арасындағы V Республикалық турнир өтті.

Ақкөл қаласындағы екі күрес кілемінде сегіз салмақ дәрежесінде Астана, Көкшетау қалалары мен Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан келген 153 спортшы (20 команда) күш сынасты.
Турнирдің ашылу салтанатында Ақкөл ауданының Құрметті азаматы Еркін Дәуешұлы, Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Халықаралық қайырымдылық қордың атқарушы директоры Қали Қамбаров, Ақмола облысының ұлттық спорт мектебінің директоры, аға жаттықтырушы Марат Молдашұлы қатысты.
Турнирдің бас демеушісі – Ақкөл ауданы әкімдігі мен «Ақкөл ауданының қазақша күрес федерациясы» қоғамдық бірлестігі.
Қазақ күресінен жарыстар ұйымдастыруға және өткізуге үлес қосып, салауатты өмір салтын насихаттағаны үшін Республикалық қазақша күрес федерациясының президенті Арман Шораевтың Алғыс хаттарымен Ақкөл ауданының әкімі Теміржан Едігенов, «Ілияс» ЖК директоры Өтебек Бертілеуов, «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ президенті Виктор Лефтер, «Комплект Азия Сервис» ЖШС директоры Дәурен Шаримов марапатталды. Ал, аудандағы қазақша күрестің дамуына үлес қосып, қолдау көрсеткені үшін Ақкөл ауданы әкімі Теміржан Қанатұлының арнайы Алғыс хаттарымен «Дамаев и К» ЖК директоры Кадылбек Дамаев, «Кеңес орман шаруашылығы» ММ директоры Жолдасқан Қарабаев, кәсіпкерлер Біржан Амангелдіұлы, Сағадат Қабікенов, Куаныш Бейсембаев марапатталды.
Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Халықаралық қайырымдылық қордың атқарушы директоры Қали Қамбаров Қабиболла Айтжанға (Павлодар облысы) және турнирдің қатысушы-сы Тұрдықұлов Медетке (ОҚО) шебер әдістері үшін ақшалай сыйлықтар тапсырды.

Жарыстың нәтижесі төмендегідей:

35 келіге дейін
І. Жүсіпов Дияр (Ақкөл)
ІІ. Шақар Ілияс (Павлодар облысы)
ІІІ. Болат Иманғали (Павлодар облысы)
ІІІ. Архабаев Рамазан (ОҚО)
38 келіге дейін
І. Мамлянов Аңсар (Павлодар облысы)
ІІ. Рахымбаев Әлихан (Қостанай облысы)
ІІІ. Динер Дмитрий (СҚО)
ІІІ. Дарбай Әділхан (Көкшетау қаласы)
42 келіге дейін
I. Қазен Дінмұхамет (Павлодар облысы)
II. Қасымбеков Мақсат (Ерейментау)
III. Баяхметов Әнуар (Ақкөл ауданы)
III. Кұбайдолла Нұрдәулет (Павлодар облысы)
46 келіге дейін
I. Накенов Ислам (Павлодар облысы)
II. Жұманов Бақдәулет (Ақкөл ауданы)
III. Байшуақов Данияр (Бұланды ауданы)
III. Сейілғазин Аңсар (Павлодар облысы)
50 келіге дейін
I. Жұмабеков Ислам (Павлодар облысы)
II. Қалапберген Серікболсын (Павлодар облысы)
III. Мусилов Әлихан (Қарағанды облысы)
III. Клевцур Анатолий (Қостанай облысы)
55 келіге дейін
I. Төсекбай Аян (Ақкөл ауданы)
II. Қабибола Айтжан (Павлодар облысы)
III. Атдагийұлы Самға (Целиноград)
III. Болатов Исламидин (Ақкөл ауданы)
60 келіге дейін
I. Омар Әділ (Павлодар облысы)
II. Кудуманов Алдияр (Қарағанды облысы)
III. Төлеухан Алмат (Біржан сал ауданы)
III. Әбдіқадыр Дәулет (Көкшетау)
+ 60 келі
I. Темірхан Арлан (Целиноград ауданы)
II. Орынбек Берік (ОҚО)
III. Сабыржан Қанжар (Павлодар облысы
III. Мағжан Ерқанат (Ақкөл ауданы)

* * *

10-15 мамыр күндері Алматы қаласындағы ЦСКА оқу-жаттығу орталығының базасында Халық Қаhарманы, Кеңес Одағының Батыры, ҚР тұңғыш Қорғаныс министрі, Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовты еске алу құрметіне арналған бокстан Халықаралық дәстүрлі турнир өтті.

«Жыл сайын аталған турнирге өзге елдерден 180-нен астам спортшы қатысып келеді. Сондай-ақ, отандық бокс мектептерінің өкілдерімен қатар, Армения, Иран, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінің боксшылары қатысады», – деп атап өтті ҚР ҚМ Орталық спорт клубының төрағасы полковник Расул Мейірманов.
Бес күнге созылған турнирдің нәтижесінде жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған боксшылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

12 мамыр күні Қырғыз Республикасының астанасы – Бішкек қаласында
Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Халықаралық қайырымдылық қорының ұйымдас-тыруымен бильярдтан жүлде қоры 200 000 теңге болатын Халық Қаһарманы, Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовты еске алу турнирі өтті.

Өте тартысты өткен бұл бәсекеде жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне көрнекті естелік сыйлықтар мен қомақты қаржылай сомалар ұсынылды. Атап айтсақ, І-орын иегері Исманали Карабаев, ІІ-орын иегері Дастан Сарытаев, ІІІ-орын иегері Маширап Мурзаевтар қомақты сыйлықтарды осы Қордың атқарушы директоры Қали Қамбаров пен Қордың Қырғызстандағы төрағасы Акматали Кенжебаевтың өз қолынан алды. Бішкектік азаматтар да қонаққа өз кәде-сыйларын ұсынды. Келешекте Жеңіс күні қарсаңында жылда өткізіліп тұратын бұл турнир бауырлас екі елдің туыстық қарым-қатынасының айқын бір көрінісі болып қала бермек.

“QAZAQ” газеті