АЛҚАБИ БОЛУҒА НИЕТТIЛЕР КӨБЕЙIП КЕЛЕДI

8

ҚР Президентi Н.Назарбаевтың «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам баршаға арналған қазiргi заманғы мемлекет» атты жарқын болашаққа бағыт беретiн iс-қимыл жоспарын Қазақстанды стратегиялық мақсат-мұратқа жеткiзетiн және заманауи экономикалық мемлекет етудiң жоба-жоспары деуге болады. Бұл құжат маңыздылығын былай қойғанда, ғылыми негiзделуi мен нақтылығы жағынан да аса құнды еңбек екенi көрiнiп тұр.

Елбасы «100 нақты қадамның» 21-қадамында «Алқабилер соты қолданылатын салаларды кеңейту. Заңды түрде алқабилер соты мiндеттi түрде қатыстырылатын қылмыстық iстердiң категорияларын анықтау қажет» деп көрсеткен.

Елiмiзде 2007 жылдың 1 қаңтарында алқабилер сотының аралас моделiн, яғни бiр судья мен алқаби қатысатын түрiн таңдап алып, «Алқабилер соты туралы» дербес заң қабылданды.

«Алқабилер туралы» Заңның талаптарына сәйкес, оларды iрiктеу процесiнде жергiлiктi атқарушы органдар алқабиге кандидаттардың бiрыңғай және қосалқы тiзiмдерiн жасайды.

Облыстық атқарушы орган облыстық сот төрағасының ұсынысы бойынша ағымдағы жыл үшiн ОҚО қылмыстық iстер жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық сотына алқабилерге кандидаттар санын бiрыңғай тiзiммен Шымкент қаласы тұрғындарынан – 2 000, қосалқы тiзiм бойынша 1 000 адамнан жасақтап бердi. Ал, облыс аудандарынан бiрыңғай тiзiммен – 1 000, қосалқы тiзiммен 500 адамды енгiздi. Алқабиге кандидаттардың тiзiмi толығымен компьютерлiк базаға енгiзiлiп, бүгiнде олардың қатысуымен iстер қарала бастады. Өткен жылы сот өндiрiсiне келiп түскен 161 қылмыстық iстiң 15-i алқа-билердiң қатысуымен жүзеге асырылды.

Қазiргi таңда өз iсiн алқабилердiң қатысуымен қарауды сұрап өтiнiш бiлдiретiндер де, алқаби болуға ниеттiлер де көбейiп келедi. Бұл жаңа бастамаға халықтың үйрене бастағанын, оларға сенiм артатынын аңғартса керек.

Тобықтай түйін: Жалпы алқабилер сотының сот билiгi мен халық арасындағы  алтын көпiрге айналғанын ешкiм жоққа шығармайды. Осы бастама арқылы талай азаматтар соттың iшкi жұмысынан хабардар болды, iстiң ақ пен қарасын анықтаудың, адамға үкiм айтудың қаншалықты ауыр екенiн ұғынды. Сот жұмысының өздерi ойлағандай жеңiл еместiгiн түсiндi. Iстi алқабидiң қатысуымен қарау халықтың сотқа деген сенiмiн арттыратын тетiктiң бiрiне айналды.

Ж. СЕЙIТЖАПБАРОВ,

Оңтүстік Қазақстан облыстық

қылмыстық iстер жөнiндегi мамандандырылған

ауданаралық сотының төрағасы