АСТАНАНЫҢ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР САЙТЫ

16

Астананың 20 жылдығын атап өтуге бағытталған мерекелік шаралар туралы толыққанды мәлімет беретін ресми сайт ашылды.
«Бүгіннен бастап Елордамыздың 20 жылдығына арнайы өткізілетін іс-шаралардың ресми сайты іске қосылды. Баршаңызды www.astanaday.kz ресми парақшасына шақырамыз. Жоспар жасап, Елордамыздың мерейтойын бірге атап өтейік», – деп жазды қала әкімінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева өзінің Facebook-тегі парақшасында.
Жаңа сайтта 2018 жылдың маусым айынан қыркүйегіне дейінгі мерекелік шаралардың кестесі берілген. Олардың арасында концерттер, театрлық қойылымдар, жәрмеңкелер мен ресми, мәдени-бұқаралық, спорттық шаралар бар.
Бұған дейін хабарланғанындай, порталда Астананың 20 жылдығына арналған шаралардың уақыты, өтетін орны, билеттер бағасы, БАҚ-қа арналған баспасөз парақтары, жолдың жабылуы мен көлік тұрақтары туралы барлық мәліметтер жарияланады.