АСТАНА АЯЛДАМАЛАРЫ ЖАҢА ЖЫЛҒА ҚАРАЙ «БАС КИІМ КИДІ»

5

Мұндай креативті идеяны Астана қаласындағы Сары-арқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбек өзінің Facebook парақшасында атап өтті.
«Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары! Міне, көптен күткен қыс та келіп жетті. Аязды күндері денсаулығыңызға мұқият болып, жылы киініп жүріңіздер. Қазір көпшіліктің жылы бас киім кимейтінін байқадым. Әсіресе, оқушылар мен жастар. Әлбетте, бұл шашты бүлдіріп, стилге сай келмеуі мүмкін. Бірақ, біздің аялдамалар да «бас киім киіп» алды емес пе?! Сіздер де киіп жүріңіздер! Денсаулықтарыңызды күтіңіздер! P.s. Winter is Here!!!» — деп жазды әкім.