АТА-АНАЛАР 14%-ДЫҚ СЫЙАҚЫ-МЕН БАЛАЛАРЫНЫҢ ОҚУЫНА ДЕПОЗИТ АША АЛАДЫ

27

Жоғары табыстылық және пайыздардың капиталдандырылуы жинақты ақшаның құнсыздануынан қорғап қана қоймай, қомақты қор жинауға мүмкіндік береді. Өйткені, мемлекет сыйлықақысы мен сыйақы сомасынан бөлек, пайыздардың капиталға айналуы салым бойынша жиналған пайыздардан қосымша депозиттік пайда алуға мүмкіндік береді. Ендеше, кірісіңіздің 5-10%-ын балаңыздың болашағына жинаңыз!
Егер мектепке дейінгі және мектеп жасында балаларыңыз бар болса, болашақты ойлайтын ата-ана болсаңыз, балаңыз білім гранттарының үйлестірілуіне тәуелді болмасын десеңіз, балаңыздың банкте оның болашағына арналған жеке шоты болғанын қаласаңыз, кірісіңіздің бір бөлігін балаңыздың келешекте Қазақстанда немесе шетелде білім алуына жинақтауды бастайтын кез келді.
Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде білім беру депозитін ашып, ай сайын банктен сыйақы (банкке байланысты 14%-ға дейін) және жылына бір рет мемлекеттен сыйлықақы (5% немесе 7%) алатын боласыз. Мысалы, бастапқы жарна 7 000 теңге, банктің пайызы – 13,5%, мемлекет сыйлықақысы – 5% болғанда:


Теңгеде ашылған депозиттер бойынша мөлшерлеме төмендейді деген ықтималдылық бар, сондықтан 6-8% емес, 13-14% алу үшін, тым болмағанда төмендемейтін қалдыққа, мүмкін болатын минималды сома – 3 АЕК-ке (7 000 теңге) депозит ашу мүмкіндігін қазірден бастап қарастыра бергеніңіз жөн.
Айта кететін маңызды нәрсе, бұл депозит үшінші тараптардың тыйым салулары мен басқадай шектеулерінен заңнамамен, сондай-ақ, білім беру депозиттері 10 миллион теңгеге дейінгі сомада Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорымен қорғалған.
Депозитті ашу үшін жеке куәлігіңізді, баланың туу туралы куәлігін алып, таңдаған банкіңізге: «Нұрбанк» (14%), «Цеснабанк» (13,5%), «Халық банкі» (12,3%), «ВТБ Банк» (6,2%) барасыз.
Толық шарттарды fincenter.kz және depozit.fincenter.kz сайттарынан немесе 88000802828 бойынша тегін Call-орталығының оператор-ларынан білуге болады.