АҚАЕВТЫҢ АРМАНЫ

4

Елін тастап, Ресейге қашқан Тәуелсіз Қырғызстанның тұңғыш президенті Асқар Ақаев туған жеріне қайтып оралғысы келеді. Бұл туралы экс-президент өзінің Іnstagram парақшасында жазды. 
«Менің жаным да, қаным да – қырғыз. Ата-анам мен ата-бабам қырғыз хандары болған. Не себепті өз туған жеріме қайтып оралуға құқым жоқ? Әрине, күндердің бір күні қайтып ораламын. Әзірге революциялық билік мені кіргізер емес. Мен мәңгілікке қайтып оралып, туған жерімде жерленгенімді қалаймын. Қанша дегенмен, қырғызбын ғой», – деп жазған 2005 жылдан бері Мәскеуде тұратын 72 жастағы тәуелсіз Қырғызстанның тұңғыш президенті.