БАЛҚАШ ПЕН АЛАКӨЛ ЖАҚЫНДАЙ ТҮСТІ: ҚОЛЖЕТІМДІ БАҒАДАҒЫ ӘУЕ БИЛЕТТЕРІ ҚАЙДА САТЫЛАДЫ?

7

Қазақстанның азаматтық авиация комитеті мамыр айында Алматы мен Астанадан Балқаш, Үшарал және Үржарға тұрақты әуе рейстерінің ашылғанын хабарлады. Рейстер мемлекеттік бюджеттен субсидияланып, туристік маусымда жүзеге асырылады.
Балқаш көліне Southern Sky («Южное небо») әуекомпаниясы рейстер жібере бастады: 29 мамырдан бастап Астана – Балқаш бағыты бойынша рейс бағасы – 9 000 теңге, ал 15 мамырдан бастап Алматы – Балқаш бағыты – 14 000 теңге. Аталған әуекомпания 16 мамырдан бастап Алакөл көліне Шығыс Қазақстан облысы жағынан рейстер жөнелтуді қолға алды: Астана – Үржар бағыты – 19 500 теңге, ал Алматы – Үржар бағыты – 16 000 теңге.
27 мамырдан бастап Алматы – Үшарал бағыты бойынша 9 000 теңге тұратын тұрақты рейстерді SCAT әуекомпаниясы жүзеге асыра бастады.
«Жетісу» әуекомпаниясы Алматы облысы жағынан Алакөл көліне 1 маусымнан бастап рейстер аттандырды: Астана – Үшарал бағыты 16 000 теңге тұрады.
Рейстер уақытын білуге арналған байланыс телефондары:
Southern Sky («Южное небо»): +7 (7252) 45-50-03
+7 (7252) 99-88-80 (Шымкент)
«Жетісу»: +7 (7282) 24-58-41 (Талдықорған)
+7 (7172) 21-04-81 (Астана)
SCAT: +7 (7252) 30-05-09, +7 (7252) 99-88-80 (Шымкент)
Айта кетейік, Алматы облысының Үшарал қаласына жұмыс сапарымен барған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алакөлді Қазақстан бойынша демалушылар ең көп баратын жерге айналдыру керек екенін айтқан еді.