БИІКТІГІ 1007 МЕТР БОЛАТЫН 167 ҚАБАТТЫ ҒИМАРАТ

36

Арабтар 3,6 миллион халқы бар Джидда қаласының маңынан (Сауд Арабиясы) 80 мың тұрғынға арналған «Kingdom Center» қалашығын салып жатыр. Қызыл теңіздегі жаңа қалашықтың құрылысына 20 млрд доллар жұмсалады. 

Жаңа қалашықтағы «Jeddah Tower» деп аталатын әлемдегі ең биік ғимараттың құрылысы 2020 жылы аяқталады. 2013 жылы құрылысы басталған алып ғимараттың биіктігі – 1 007 метр, ал құны – 1,2 млрд доллар екен.
Аспанмен таласқан «Jeddah Tower» 167 қабаттан тұрады. Ал, 157-ші қабатында (637 метр) қонақтарға арналған үлкен терраса орналасады (Суретті қараңыз).
Бұдан бөлек, ғимараттың астында мыңдаған көлікке арналған үлкен автотұрақ, 1-2 қабатында сауда орталықтары, 6-15, 18-28, 35-46, 51-63, 67-78, 80-88 қабаттарында кеңселер, 94-156 қабаттарында қонақ үйлер, 154 қабатында спа-отель болады.
Айта кетейік, қазіргі таңда әлемдегі ең биік ғимарат Дубайдағы «Бурдж-Халифа» саналады. 2010 жылы ашылған алып ғимараттың биіктігі – 828 метр.