БИІКТІГІ 240 МЕТРГЕ ЖЕТЕТІН ЕҢСЕЛІ ЕСКЕРТКІШ БОЙ КӨТЕРЕДІ

26

Үндістан тәуелсіздігі жолында күрескен қоғам қайраткері Валлабхаи Пательге Нью-Йорктегі әйгілі Азаттық мүсінінен екі есе биік ескерткіш орнатылып жатыр.
Алып мүсін Гуджарат штатындағы Вардодара қаласының маңындағы жасанды көлдің ортасынан бой көтереді. 2014 жылы басталған құрылыс жұмыстары аяқталу қарсаңында. Ол қазіргі ең биік ескерткіш – Қытайдың Хэнань провинциясындағы 128 метрлік Будда мүсінінен 54 метр биік болады.
Мүсіннің өзі – 182 метр, ал тұғырымен қосқандағы биіктігі – 240 метрге жетеді. Оған 5 700 тонна болат, 18 500 тонна темір арматура, 75 000 текше метр бетон және 22 500 тонна қола табақ пайдаланылды.
Құны 320 млн АҚШ долларын құрайтын жобаны қолға алған Michael Graves Architecture & Design компаниясы өкілдерінің айтуынша, құрылыс жұмыстары үзіліссіз жүргізіліп жатыр, биыл тапсырылады.