БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ ЖӘНЕ НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН МІНДЕТТЕР

69

5 қазан күнгі Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ халқына арналған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы еліміздегі білім және ғылым саласындағы қызметкерлер мен ұстаздар қауымының қолдауына толықтай ие болып отыр. Бұл маңызды құжаттың «Тұрмыс сапасын арттыру» атты екінші бастамасында Елбасы жоғары білім беруге қатысты және педагог мәртебесі, адам капиталын арттыру жайында бірқатар маңызды міндеттерді атап өтті.

Атап айтқанда, 2019 жылы «Педагогтардың мәртебесі» туралы Заң қабылданады. Бұл – қазақстандық ұстаздар қауымының қоғамдағы беделін арттырып, орнын айшықтауға зор, маңызды қадам болмақ. Жоғары педагогикалық оқу орнының докторанты ретінде бұл бастамалардың жүзеге асатындығына толықтай сенемін. Себебі, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық оқу орнының басшылығы тарапынан Жолдаудағы бірқатар міндеттер бойынша жұмыс жасап жатқаны бәрімізге мәлім. Оған оқытушыларымыздың біліктілігін арттыру, нығайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар дәлел.
Орта мектептердің өзінде балаларды мейлінше сұранысқа ие мамандықтарға бейімдеп, кәсіби диагностика жүргізу маңыздылығы аталған бұл Жолдау педагог мамандарды даярлайтын оқу орындарына артылған үлкен жауапкершілік деп санаймын. Жолдаудағы білім саласына жүктелген басты міндеттердің орындалуына баса назар аударылатындығы ұстаздар қауымына деген үкімет тарапынан берілген үлкен қолдау болып отыр.
Елбасымыздың биылғы жолдауында жастарды тілге тиек етіп, жастардың санатын, пікірін қолдау керектігін және әрбір қазақстандық азамат елімізде болып жатқан жаңалықтардың, реформалардың мәнін біліп, түсініп, оның Отанымыз үшін маңызды екендігін білуі керектігін сөз етті. Қазақстан Президенті нарықта тек жоғары білім бере алатын, педагогикалық деңгейі жоғары, сапалы білім бере алатын жоғары оқу орындары қалу керектігін баса айтты. Білім беру ордасы расында да білікті, білімді кадрлар даярлауда және технологиялық дамыған елдердегі ғылыми жұмыстар жүйесінде үлкен маңызды рөл атқарады.
Жолдауда көрсетілген басымдықтар ел дамуы мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін ұзақ мерзімді даму стратегиясына сәйкес келеді. Сонымен қатар, Жолдау Қазақстанның әлемдегі технологиялық, жаңа технологиялар, роботтандыру мен автоматтандыру еңбек ресурстарына және адам капиталының сапасына қатысты талаптарды және сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға, командада жұмыс істей білуге білім беру жүйесіне, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістерге бейімделуіне сеп болады.
Қорыта келгенде, Елбасы халықты толғандырған ең келелі деген мәселелер жөнінде салмақты сөз қозғады. Елбасының әрбір Жолдауы – Қазақстанды дамытуға арналған қадамның қозғаушы күші болып табылады. Жолдауда айтылған әрбір бағыттың берері көп. Жаңа Жолдау еліміздің алдындағы жаңа белестер болмақ.

Жанат Жанбаева, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың
«Философия» мамандығының 2-курс PhD докторанты