ВАРШАВАДАҒЫ ҚАЗАҚ КӨШЕСІ

18

2006 жылы Қазақстанның Польшадағы елшілігінің белсенділік танытуы арқасында Варшава қалалық кеңесі мен қала мэриясы ел астанасының бір көшесіне «Қазақ» атауын беру туралы бір ауыздан шешім қабылдаған еді. Бұл көше Варшаваның ең көрнекті аумақтарының бірі – Виланов ауданында. Онда корольдіктің жазғы резиденциясы, Еуропаға белгілі Виланов саябағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігі орналасқан.

Жергілікті билік өкілдерінің пікірінше, Қазақ көшесі поляк астанасының Қазақстан елордасы – Астана қаласына тартқан нышандық сыйы, сонымен қатар, кезінде Қазақстанға еріксіз қоныс аударылған поляктарға қазақ халқының көрсеткен қолдау-көмегіне деген құрметі.

«QAZAQ»-АҚПАРАТ