ГРЕППЛИНГ КҮРЕСІНЕН ТУРНИР ӨТТІ

6

Жексенбі күні Алматы облысына қарасты Іле ауданындағы М.Түймебай ауылында «Сағадат батыр» спорт клубының ұйымдастыруымен Грепплинг күресінен турнир өтті. Негізгі мақсат –жасөспірімдерді салауатты өмір салтына тәрбиелеу және ауыл спортын дамыту. Жарысқа «Сағадат батыр» спорт клубы мен Іле ауданындағы басқа да спорт клубтарының жас спортшылары қатысты.

Алдағы қалалық, республикалық жарыстарға іріктеу болған бұл жарыстан бірінші және екінші орын алған спортшылар 20-21 қаңтарда өтетін грепплингтен Алматы қаласының чемпионатына қатысады.
Осы турнирден жүлделі бірінші, екінші және үшінші орын алған спортшылар арнайы медаль және дипломмен марапатталды.
Турнирге арнайы келген Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Халықаралық қайырымдылық қорының президенті, ұлт жанашыры, жыл меценаты Махмұт Ыбырайханұлы Нәлібаев жарысқа қатысушы жас спортшыларға ақ батасын беріп, сәттілік тіледі.
Осы турнир барысында «Сағадат батыр» спорт клубының бас бапкері Орынбасаров Нұрсұлтанға және осы клубтың бапкері Айтпанбет Саматқа Махмұт Ыбырайханұлы «Кейкі батыр» медалін табыстады.