ДЖИУ-ДЖИТСУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

16

 Жуырда Алматы облысының Іле ауданындағы Өтеген батыр кентінде джиу-джитсу күресі бойынша «Gres Open» ашық турнирі өтті. Бұл жарысқа 200-ден астам жас спортшылар қатысты.

Тартысты өткен дүбірлі додада «Sagadat batyr KTT» командасының жетістігі төмендегідей болды:

1-орын – Керімбай Мейрамбек (20 кг, 2011-2012 ж.), Әбенұлы Әлібек (24 кг, 2011-2012 ж.), Төлеген Ернар (17 кг, 2011-2012 ж.), Серік Жанали (28 кг, 2011-2012 ж.), Жаманбай Әлихан (+ 28 кг, 2011-2012 ж.), Ақжолтай Әділхан (32 кг, 2009-2010 ж.), Құлымбетова Жібек (28 кг, 2007-2008 ж.), Махамбет Алина (32 кг, 2005-2006 ж.), Нұрсағат Саят (32 кг, 2007-2008 ж.), Айсен Қуаныш (40 кг, 2007-2008 ж.), Рысбек Нұрмұхаммедәли (36 кг, 2005-2006 ж.), Қадірбек Ернат (40 кг, 2005-2006 ж.), Жаманбай Бекзат (45 кг, 2003-2004 ж.), Жақыпбек Нұржан (55 кг, 2003-2004 ж.), Лесбек Бектөре (+ 60 кг, 2003-2004 ж.), Аманжол Бек (50 кг, 2003-2004 ж.), Мұратұлы Мақсат (60 кг, 2001-2002 ж.).

2-орын – Салимов Таймас (28 кг, 2011-2012 ж.), Мелисов Ғалымжан (24 кг, 2011-2012 ж.), Раджаб Рза (+ 36 кг, 2009-2010 ж.), Тлеужанов Аслан (60 кг, 2001-2002 ж.), Зарканов Думан (+ 52 кг, 2005-2006 ж.), Айдарханов Ерсұлтан (40 кг, 2005-2006 ж.), Лесбек Бекнұр (45 кг, 2005-2006 ж.), Дауылбаев Аман (40 кг, 2007-2008 ж.), Құлымбетова Жібек (+ 28 кг, ұл балалар және сұр белбеулер арасында), Таңатар Аяжан (60 кг, 2003-2004 ж.), Дауытов Аслан (60 кг, 2001-2002 ж.).

3-орын – Жұмағали Айсұлтан (+ 28 кг, 2011-2012 ж.), Өтеген Зере (45 кг, 2005-2006 ж.), Бейсенғали Елдос (39 кг, 2003-2004 ж.), Дауылбаев Нариман (36 кг, 2005-2006 ж.), Қалиев Дәурен (55 кг, 2003-2004 ж.), Қатуұлы Жалғас (65 кг, 2001-2002 ж.).

Аталған команданың спортшылары бұл турнирде 34 медаль (17 алтын, 11 күміс, 6 қола) иеленді.

Айта кетейік, «Sagadat batyr KTT» командасының жақсы жетістікке жетуіне жас бапкер Айтпанбет Саматтың еңбегі зор болды.

* * *

Ағымдағы жылдың 1-5 наурыз аралығында джиу-джитсудан Біріккен Араб Әмірлігінің Абу-Даби қаласында жасөспірімдер мен жастар арасында Әлем чемпионаты өтті. Қазақстан құрама командасы джиу-джитсу неваза-жүйесі бойынша жарыстың алғашқы күнінде 3 күміс, 5 қола жүлдеге ие болды.

Әлемнің кіл мықтылары жиналған бұл додаға біздің елдің спортшылары да арнайы іріктеуден өтті.  Ағымдағы жылдың 7-10 ақпан аралығында Ақмола облысының Щучинск қаласында ҚР чемпионаты өткен болатын. Ел біріншілігінде үздік нәтиже көрсетіп, бірінші және екінші орын алған спортшылар Әлем чемпионатына жолдама алды. Бұл додаға Алматы қаласы құрама командасының атынан 40 спортшы қатысып, оның 10-ы бірінші және екінші орынға ие болып, Әлем чемпионатына аттанды.

Алматы құрамасының атынан қатысқан 10 спортшының біреуі ғана жүлделі орынға ие болды. Ол – ел үмітін ақтаған Мәди Құрманғожаев Қазақстан құрамасына алғашқы қола жүлдені еншілеп берді.

Мәди Құрманғожаев – Абу-Даби қаласында өткен Әлем чемпионатының 3 дүркін чемпионы, Мәскеуде өткен «Гимназин кап» халықаралық турнирінің жеңімпазы, елімізде өтетін халықаралық «Arlan grip», «National PRO», «Astana Open» турнирлерінің бірнеше дүркін чемпионы. Білікті бапкер Нұрсұлтан Орынбасаровтың шәкірті.

«Qazaq»-ақпарат