ДУБАЙДА ЕНДІ ҰШҚЫШСЫЗ ҰШАТЫН ТАКСИ ПАЙДА БОЛДЫ

10

Дубайда әлемдегі бірінші ұшқышсыз ұшатын таксиді сынап көрді. Шараға Дубайдың мұрагер ханзадасы Хамдан бин Мұхаммед бин Рашид Әл-Мактум қатысты.
Drocal неміс компаниясымен құрастырылған ААТ атаулы екі кісілік транспорт адамдарды ұшқыштың қатысуынсыз таситын болады.
«Аймақтағы бірінші ұшқышсыз жүретін метрополитеннің жарқын сәттілігінен кейін, бүгін ААТ транспортының сынақтама ұшуының куәгері болдық. Бұл біздің оң өзгерулерге бейімділігіміздің тағы бір дәлелі. Жаңартпаны көтермелеу әрі жаңа технологияны қабылдау елдің дамуына үлесін қосып қана қоймайды, сонымен қатар, келешек көпірін жасауға да септігін тигізеді», — деп атап өтті шейх Хамдан.
Жолдар мен транспорт басқармасының (RTA) бас директоры әрі атқарушы директорлар Кеңесінің төрағасы Маттар Аль Тайердың айтуынша, AAT транспорты ең жоғары қауіпсіздік стандарттарына ие.
Ұшқышсыз ұшатын таксиге қосымшаның көмегімен тапсырыс беруге болады. Келесі бес жыл бойы RTA Дубайдың азаматтық авиация басқармасымен қызметтес болып, ААТ транспортын Әмірліктің транспорт жүйесімен біріктіруді қамтамасыз етеді.