ЕРТІСТІҢ ЕРЖҮРЕК ҰЛЫ

29

Ертістің ержүрек ұлы Қабыш Көктаев (1922-1945) әскерге 1942 жылғы қаңтарда Ертіс ауданының (Павлодар облысы) әскери комиссариатынан шақырылып, соғысқа аттанған. Мамандығы – мұғалім. Кіші лейтенант жаяу әскер әскери училищесін бітірген. 1-ші Украина майданының 60-шы армиясы құрамында соғысқан. 280-ші Қызыл Тулы Суворов орденді Конотоп-Коростень атқыштар дивизиясындағы 1033-ші полктің 5-ші атқыштар ротасы командирі, гвардия аға лейтенанты Қабыш Көктаевтың жалынды жауынгерлік жолы – ерліктің ерен үлгісі.

1-ші Украина майданына дейін Брянск, Орталық, Воронеж майдандары жолымен жүріп өткен қаһарман қазақтың ерлік шежіресіне үңілсек, Қабыш Көктаев 1944 жылы қарамағындағы сарбаздарды Украинаның бұрынғы Каменец-Подольск облысына (қазіргі Хмельницкая) қарасты Шепетовка қаласы үшін болатын қанды шайқасқа табанды әзірлеуге күш жігерін салады. Командирдің бұйрығын мүлтіксіз орындайды, 10 ақпан күні қаланың солтүстік-шығыс жағынан немістің бекінісін бұзып кіріп, өздері сонда бекінеді.
Гвардия аға лейтенанты өз ротасына әрдайым бойындағы жігері, қайтпас қайсарлығымен үлгі көрсетіп отырды. Қабыштың қаһармандық тұлғасынан қаруластары рухтанушы еді. Және ол шайқас кезінде ақыл мен айланы бірдей қолданып, рота алдындағы жауынгерлік тапсырманы сәтті орындай білетін. Қабыштың шебер басқаруымен небір жеңістерге жеткен 5-ші ротаның талай сарбазының кеудесінде түрлі наградалар жарқырады.
Осы Шепетовка қаласы үшін шайқаста олар немістің бір рота солдатын шашыратып, біраз бөлігін жер жастандырды. Электр жабдықтары сақтаулы қойманы да қолға түсірді. Бұл жолы Қабыштың өзі үш фашисті жойды. Ақыры үш қарсы шабуылын тойтарып, бетін қайтарған 5-ші рота 11 ақпанда қалаға ие болды.
РФ Қорғаныс Министрлігінің орталық мұрағат құжаттарынан: «Упорно и настойчиво подготавливал бойцов роты к предстоящему решительному бою за г. Шепетовка. В бою 10.02.1944 г. г. Шепетовка Каменец-Подольской области (Хмельницкая область) тов. Куктаев получив боевую задачу, выбить немцев из укрепленных позиции с восточной стороны г. Шепетовка и закрепиться.
Находясь в боевых порядках роты тов. Куктаев личным примером мужества, воодушевляя бойцов на подвиги, умело маневрируя, успешно решил боевую задачу роты. Выбили немцев из укрепленных пунктов, рассеяли до роты немецких солдат, из них часть уничтожили. Захватили склад с электрооборудованием.
Сам Куктаев убил 3 немецких солдат, чем способствовал выполнению общей задачи – занятию г. Шепетовка. 11.02.1944 г. ротой отбито три контратаки противника».
1944 жылғы 2 тамызда ол басқарған рота Польшаның Краков воеводствосына қарайтын Гембург, Тарнобжег селолары үшін шайқасты бірінші болып бастап, дұшпанның қатты қарсылығына қарамастан, әскери тапсырманы адал орындап шығады.
3 тамызда дәл осы аумақтың темір жол станцияларын азат ету жолында немістің үш бірдей қарсы шабуылын тойтарып, діттеген жерді басып алады. Сөйтіп, рота Висла өзенінің оң жағалауына бекінеді. 6 тамызда рота жаңбырша төпеп тұрған оқ астымен басты бәйгеге тігіп, Висла өзенінен өтуі керек еді.
Осы кезде қаһарман Қабыштың жігіттері тәуекелге бел байлап, қолға түскен заттарды құрастырып, сал жасайды. Осылайша, рота түн ішінде Висланың батыс жағалауына бірінші болып жетіп, бекініп алады. Дұшпанның қарсы шабуылы кезінде жаудың 100 офицері мен солдатының көзі жойылды. Ал, 8 тамыз күні теңдессіз жойқын ұрыста Собув, Повить аса маңызды темір жол бекеттерін басып алып, Тарнобжег елдімекенін тазартып, Висла өзенінің он жағалауында орнығады.
РФ Қорғаныс Министрлігінің орталық мұрағат құжаттарынан: «В бою 2 августа 1944 г. за с. Гембург Краковское воеводство (Польша), рота, которым командовал тов. Куктаев первой приняла бой, первой при яростном сопротивлении выбила противника, выполнив боевую задачу.
06.08.1944 г. при форсировании р. Висла, в районе м. Тарнобжег, тов. Куктаев несмотря на огонь противника, пренебрегая опасностью для жизни, умело организовал переправу на примитивных средствах.
При форсировании реки Висла ночью и под утро 07.08.1944 г. первым со своей ротой переправился на западный берег реки Висла и закрепился. При контратаки противника – успешно отбил ее, причем было уничтожено до 100 немецких солдат и офицеров, чем способствовал закреплению плацдарма на западном берегу Висла.
08.08.1944 г. в бою за ж/д станцию Собув, Повить, Тарнобжег (Краковского воеводства, Польша) первый со своей ротой, несмотря на сильное сопротивление врага, ворвался на станцию, выдержала и отбила три ожесточенные контратаки немцев, далее перешел с ротой в атаку с боем овладел окраиной местечка Тарнобжег Тарнобжегского уезда, Краковского воеводства где и закрепился на правом берегу реки Висла.
Достоин присвоения звания ГЕРОЙ СОВЕТСКОГО СОЮЗА.
Командир 1033 стрелкового полка подполковник КОХАНЫЙ, 09.08.1944 г.
Достоин Правительственной награды присвоения звания ГЕРОЙ СОВЕТСКОГО СОЮЗА.
Командир 280 стрелковой дивизий гвардий полковник СИМАЧЕНКОВ, 12.08.1944 г.
Достоин Правительственной награды ордена Суворова ІІІ-й степени.
Командир 47-го стрелкового корпуса гвардий генерал-майор КИСЛИЦЫН, 16.08.1944 г.
Достоин награждения орденом ЛЕНИНА.
Командующий войсками 13 армий генерал-лейтенант ПУХОВ.
Член военного совета 13 армий генерал-майор КОЗЛОВ, 21.08.1944 г.
Достоин награждения ордено ЛЕНИНА.
Командующий войсками І-го Украинского фронта Маршал Советского Союза КОНЕВ.
Член военного совета І-го Украинского фронта генерал-лейтенант КРАЙНЮКОВ, 31.08.1944 г.».
Полк командирі подполковник Коханый Моисей Васильевичпен бірге Қабыш Көктаев КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығы бойынша (23.09.1944 ж.) Ленин орденімен марапатталды.
1945 жылдың басында Қабыш Көктаевтың ротасы батальон командирінен Одер өзенінің Лойбусдорф, Крайо Валяу елдімекендерінің тұсындағы бөлігінен өтіп, бекініс құру туралы тапсырма алды.
Өзенге дейінгі жолдың жай-жапсарын өзі барлап қайтқан Қабыш Көктаев жеке құрамды тапсырмамен таныстырды. Бұл 1945 жылдың қаңтардың 27-сінен 28-іне қараған түн болатын.
Жаудың пулемет оғы борап тұр. Оған қарайтын мұрша бар ма?! Бұзылған темір жол көпірінен өтіп, тапқырлығымен, батылдығымен дұшпанның орналасқан жеріне бұзып кіріп, батыл іс-әрекеттерімен жаудың екі пулемет нүктесін жойып, екі станоктік пулеметтен қарсы оқ жаудырып, сарбаздар сол жағалауға шықты.
Өзіне төнген қауіпке қарамастан, жаудың атыс нүктелерін талқандады. Бұл ұрыс та олжалы болып, гранатамен жаудың 2 пулеметі жермен-жексен етілді. Сонымен қатар, жаудың жаяу әскерінің бір ротасы жойылды. Батальонның негізгі күшінің келіп жетуін күтпестен, командир Көктаев ротаны шабуылға бастап шықты.
1945 жылдың 28 қаңтарында бір күннің ішінде 5-ші рота плацдарм аумағын ені 2 км, тереңдікке 4 шақырымға дейін ұлғайтып, дұшпанның 3 жеңіл, 5 жүк машина көлігін қолға түсіріп, 10 солдатты тұтқындады.
РФ Қорғаныс Министрлігінің орталық мұрағат құжаттарынан: «Гвардий старший лейтенант Куктаев получив задачу от команира батальона форсировать реку Одер в районе населенного пункта Лойбусдорф, Крайо Валяу (Силезия) и закрепился на плацдарме.
Тов. Куктаев предварительно разведав пути подхода к реке, ознакомил личный состав с задачей и в ночь с 27-го на 28 января 1945г. несмотря на ураганный ружейно-пулеметный огонь противника, по разрушенному ж/д мосту при поддержке двух станковых пулеметов, с ротой переправился на левый берег реки и закрепился на плацдарме, при этом бойцы тов. Куктаева, гранатами уничтожили 2 огневые точки противника, рассеяли и частично уничтожили до роты пехоты.
Сам тов. Куктаев действуя исключительно смело и решительно, не ожидая перехода через реку основных сил батальона, поднял роту и перешел в наступление. За день 28 января 1945 г. его рота расширила плацдарм до 4 км. в глубину и до 2-х км. по фронту. Захвачены вражеские трофеи: 3 легковых машины, 5 грузовых автомашин и 10 пленных немецких солдат.
Гвардий старший лейтенант Куктаев достоин высшей Правительственной награды – присвоения звания ГЕРОЙ СОВЕТСКОГО СОЮЗА.
Командир 1033 стрелкового полка полковник ГОРБУНОВ, 04.02.1945 г.
Достоин награждения Правительственной награды ордена «Красного Знамени».
Командир 280 стрелковой дивизий гвардий полковник СИМАЧЕНКОВ, 05.02.1945 г.
Достоин награждения Прави-тельственной награды ордена «Красного Знамени».
Командир 27 стрелкового корпуса гвардий генерал-лейтенант ЧЕРОКМАНОВ, 06.02.1945 г.
Достоин награждения Правительственной награды ордена «Красного Знамени».
Командующий войсками 13 армий генерал-лейтенант ПУХОВ.
Член военного совета 13 армий генерал-майор КОЗЛОВ, 11.02.1945 г.».
Міне, осы ерлігін мойындап, бас иіп, тағы да екінші мәрте 1033-і атқыштар полкінің командирі Горбунов гвардиялық аға лейтенант Көктаевті Кеңес Одағының Батыры атағына қайта ұсынған, бірақ дивизия командирі полковник Симаченков, корпус командирі генерал-лейтенант Черокманов және армия командашасы генерал-лейтенант Пухов «Қызыл Ту» орденін беруге қол қояды.
Кеңес Одағының Батыры атағын алмаған Қабыш Көктаев І дәрежелі «Отан соғысы», «Қызыл Жұлдыз», «Қызыл Ту» және Ленин ордендерімен наградталған.
Соғыс тарихында сирек кездесетін тарихи деректі айтар болсақ, Қабыш Көктаев екі рет Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған, бірақ екеуінде де берілмеген. Дегенмен, Ертістің ержүрек ұлының есімі ел жадынан өшпестей орын алды.
Өкініштісі, қаһарман жауынгер Жеңіске санаулы күн қалғанда – 1945 жылғы 20 сәуірдегі кескілескен шайқаста, Берлин қаласын алудағы шешуші шабуылда ерлікпен қаза тапты. Майданға Иса Байзақов ауылынан аттанған Қабыш Көктаевқа топырақ Польша елінің Зорау қаласындағы офицерлер зиратынан бұйырды.

Тобықтай түйін: «Ежелден ер деген даңқы шыққан» Қазақ елі аман тұрғанда Қабыш батырдың ерен тұлғасы, биік рухы халқымен бірге мәңгі жасай беретіні сөзсіз.

Қайрат ҚАРАМАҢДАЕВ,
Құрлық әскерлері әскери институтының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы, бауыржантанушы