ЖАС ҚЫЛҚАЛАМ ШЕБЕРІНІҢ ТУЫНДЫЛАРЫ

22

Тылсым табиғат, сымбатты образ, сиқырлы сұлулықты қылқаламмен бейнелеп, өмір оркестріндегі мың бояуды құбылтып, құлпырта білетін бір өнер болса, ол – бейнелеу өнері. Осы құдіретті өнердің тұнығынан нәр алып, айшықты әсем сурет салып, дарыны мен қарымы, шеберлігі мен ізденімпаздығы бір бойынан табылатын жас суретшінің бірі – Виталия Бирюлина. Қарындашпен реализм жанрында суреттер салатын екібастұздық 17 жастағы суретші бала күнінен бұл өнерге әуес болса, 13 жасында көркемсурет мектебіне барды. Аз уақыт ішінде сурет өнерінің қыр-сырын түсіне отырып, әдемілікті ұға білуге дағдыланды.
Иә, сурет кез келген бейнелеу өнерінің, яғни кескіндеменің де, сәулеттің де, мүсіннің де іргетасы саналады. Алайда қарапайым халық өнердің бастауын тек әнмен бай ланыстыра қарайтын бүгінгі таңда сурет өнерінің назардан тыс қалғаны жасырын емес.

Рас, бүгінгі ұрпақ жадында Әбілхан Қастеевтен кейін сурет өнерінен ешқандай тұлғаның есімі жатталмаған. Сонда Қастеевтің ізін жалғастырар таланттылардың болмағаны ма? Дәл Қастеевтей талант болмаса да, өзіндік ерекшелігі бар таланттар әр уақытта бар және бола береді. Дегенмен, бізде сол таланттарды насихаттау, халыққа таныстыру жағы кемшін ғой. Сондықтан 105 жылдық тарихы бар «Qazaq» газеті төменде өмірді қылқаламмен бейнелеп жүрген жас суретшінің туындыларын оқырман назарына ұсынады.