ЖАҢҒЫРУ – ҰЛТТЫҚ САНА ӨЗЕГІ

56

Елбасының латын қарпіне кезең-кезеңмен және жүйелі түрде көшу туралы Жарлығы өркениетаралық және мәдениетаралық өзара әрекеттестік пен сұқбат  жолына  қызмет  жасайды. Латын  әліпбиінің  соңғы нұсқасы  қоғамның оң бағасын алса керек. Ал, қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру жаһанданудың дүниежүзілік үдерісінің өркениеттік талабы.

КСРО аумағындағы  мұсылман халықтарын  ислам  әлемі  елдерінен алыстату мақсатында 1929-1940 жылдары латын қарпіне көшірген кеңестік атеистік жүйе. 1940 жылы  кириллица негізінде орыстандыруды жүйелі жүргізуді мемлекеттік  ұстанымға  айналдырды. Кеңестік  жүйенің  алғашқы  жылдары  кириллица  патшалық  Ресейдің  халықтарды  шоқындыру  және  орыстандыру саясатымен байланыстырылды. Сондықтан  кеңестік  билік жаңалатын әліпбиін енгізу жолымен  отарлық  қанаудағы  халықтарды  пролетарлық  билік  тарапына тарту және латын әліпбиі дүние жүзінің  жұмысшылары мен  бұқара  халықты  әлемдік социалистік  революцияға  жұмылдырушы бағдар ретінде қарастырылды. 1929-1930  жылдары  көрнекті  тіл ғалымы Н.Ф.Яковлев жетекшілігімен орыс әліпбиін латинизациялау тұжырымдамасы  даярланған болатын. Жаңа  әліпби  бүкілодақтық  комитеті 1925-1937 жылы Баку қаласында орналасты, кейін  Мәскеу  қаласына көшірілді. Латын әліпбиіне  кеңестік  одақтағы  60-тан  аса  ұлттан  құралған 25 миллион  адам  көшті.

Жаңа  әліпби  бүкілодақтық  комитеті жанында  құрылған комиссия 1930 жылы  қаңтарда орыс  латын әліпбиінің  үш нұсқасын жариялады. 1930 нау-рызда И.Сталин төрағалымен өткен саяси  бюро  отырысында  орыс тілін  латынға  көшіру  туралы  комиссия ұсынған  жобаға тосқауыл  қойылды. Орыс әліпбиінің латынға көшпеуінің себептерінің  бірі католиктік (латындық) батыс  мәдениетінің  ықпалынан  сақтану  болған  тәрізді.

1990 жылдары Ресей ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, ғалым-этнограф С.А.Арутюнов: «Ресей  Еуропаға  жақындасуды  қаласа,  онда  ерте ме, кешпе латын  әліпбиіне  көшуі  тиіс», – деген  болатын.

Рас, латын қарпі  бүгінгі  жаһандық  сандық  экономиканың, заманауи мәдениет пен озық инновациялық технологияның жетістіктерін  меңгеруімізге ашылған  жол.  Еліміздің  салиқалы  тіл саясаты қоғамның  рухани келісімі  мен  жаңғыруына қызмет етеді.

Жаңа әліпби Мәңгілік Елімізді рухани кемелдену мен жаңа серпіліске, тың істерге  жұмылдыруы  тиіс. Әлемнің 80%  жуығы  қолданатын  қаріпті  жатырқамай, қабыл алғанымыз дұрыс болды. Өйткені, латынға  көшу     халқымыздың  бауырлас  түркі дүниесімен  рухани және  мәдени  тұтастығын  арттыра түседі. Латынға көшу – ұлттық сананың, ұлттық рухтың нығаюы, мемлекеттің тұғыры.

Бағдат БЕЙСЕНОВ,

философия ғылымдарының докторы,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті