ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ ДРОНМЕН БАҚЫЛАНА БАСТАДЫ

11

Маңғыстауда фото және бейнежазу қондырғыларымен жабдықталған дрондар жұмыс істей бастады. Құрылғылар аймақтық және республикалық маңызы бар тас жолдарды және Ақтау көшелерін бақылайды.
Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұшатын аппараттар жылдамдықты асырғандарды, қарсы бағытқа шығып кеткендерді және басқа да жол ережесін бұзғандарды тіркейді және ақпараттарды деректер өңдеу орталығына енгізеді. Кейін поштамен жүргізушіге айыппұл туралы хабарлама жіберіледі. Негізгі мақсат – жол ережесін бұзған жүргізушілердің санын азайту.
2 шақырым биіктіктен 50 шақырымдай аумақты қамтитын дрон 2,5 сағатқа дейін үздіксіз ұша алады. Әзірге саны – екеу. Құрылғының жылдам-дығы сағатына 110 шақырым.
Құрылғылар қазір Ақтау – Жаңаөзен, Ақшұқыр – Сайын – Шапағат және жол-көлік апаттары жиі кездесетін учаскелерде қолданылуда.
Полицейлер 10 күн ішінде 200-ден астам жүргізушіні анықтап, оларға 1,5 млн теңге айыппұл салған.