КИНОҒА ТҮСКІҢІЗ КЕЛСЕ, АШЫҚ КАСТИНГКЕ ҚАТЫСЫҢЫЗ!..

12

Режиссер, продюсер әрі сценарист Асқар Бисембин ашық кастингтің басталғанын хабарлады. Кинематографшы алдағы жобаларына жаңа бейнелерді іздеуде және барлығын қатысуға шақырады: жасы, жынысы, кәсіби білімінің болуы және түсірілімдегі тәжірибесі маңызды емес.
Өздерінің актерлік қабілетін көрсеткісі келетіндер бірнеше қадамнан өтуі керек. Біріншісі – өздерін таныстырып, тұратын қаласын, жасын айта келе, 1 минуттан аспайтын кез келген монолог (өлең, қазақ немесе орыс тілдеріндегі фильмдерден үзінді) оқып тұрған бейнежазба түсіру. Екіншісі – өздерінің екі суретін: ірі пландағы және бойымен түскен суретін таңдап алу. Үшіншісі – бейнежазба мен суретті bissembin.film@gmail.com электронды мекенжайына жіберіп, қорытындысын күту.
Үздік бейнероликтер Bissembin Film YouTube арнасында жүктеледі, сол жақта дауыс беріліп, пікірлер жазылады. Дегенмен, қорытынды шешімді беделді қазылар алқасы шешеді, олар Асқар Бисембинмен өтетін кастингке жіберетін адамдарды таңдайды.
Кастинг 2018 жылдың 31 шілдесіне дейін жалғасады.