ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҢ ДАМУЫ

4

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясындағы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы білім саласында үлкен қолдауға ие. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жастарымыздың болашағы үшін іске асырылғандықтан, осындай кешенді бағдарламаның іске асырылуына бәріміз бір ауыздан қолдау көрсетуіміз керек. Елбасының рухани жаңғыру аясындағы жүргізіп отырған жұмыстары ауқымды және маңызды, өйткені «100 жаңа оқулық» жобасының жас ұрпаққа білім беру ісіндегі рөлі зор.

Жастарымыз жоғары ғылыми стандарттарға сәйкес білім алуға тиіс. «Рухани жаңғыру» бағдарламасында аталған болашақ еңбек нарығына қажетті білікті гуманитарлық саланың мамандары аса қажеттілікке ие. Сана модернизациясы гуманитарлық білімге тікелей байланысты болғандықтан тарих пен саясаттану, әлеуметтану мен философия, психология, антропология, мәдениеттану, филология және педагогика ғылымдары бойынша студенттерге заманға лайық білім беру үшін жағдай жасау міндеті тұр. Осы міндетті іске асыруға мүмкіндік беретін негізгі жоба – «Жаңа гуманитарлық білім – қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» қолға алынғаны маңызды шешім. Сондай-ақ, Елбасының ғылымды қазақша сөйлету тәсілі көрегенді саясатының бір ерекше бағыты.
Біз осы тұрғыда берілген мүмкіндіктер мен тілді игеру арқылы басқа ұлттың мәдениетімен, таным-түсінігімен, ұлттық ерекшелігімен таныса аламыз. Өзге ұлттардың мәдениетімен дұрыс таныс болмаған кезде тілдік қақтығыстар болып жатады. Сондықтан бірнеше халықтың мәдениетін тіл арқылы салыстыра отырып, ар жағында тұрған дінін, дүниетанымын, мәдениетін түсініп, артықшылығына түсіністікпен қарауға үйрететін, яғни, ел мен елдің түсінісуіне өте қажет жоба.
Бұл оқулықтар – өзге ұлт өкілдерімен жұмыс жасайтын әлеуметтанушылар, дипломаттар, экономистер үшін таптырмас құрал. Сонымен қатар, оқулықтар ғалымдар мен білім алушыларды ғылыми ақпараттармен қамтып, ғылым тілі көкжиегінің кеңеюіне жол ашады. Ең бастысы, оқырмандардың ақпаратты қазақ тілінде алуына мүмкіндік беріп, қазақтың ғылыми тілінің дамуына үлес қосады. Жаһандағы жаңалықтарды, ойлы да озық дүниелерді, ғылыми жобаларды тұңғыш рет түпнұсқадан тікелей аударып отырмыз. Бұл «Қазақ мемлекетінің болашағы – қазақ тілінде» деген Елбасы сөзінің нақты іспен қуатталғанының айғағы. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы халық тарапынан қызу қолдау тауып жатса, бұл да – іргелі іске деген ұлт іңкәрлігінің оянғанын көрсетеді.
«Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы ұлт ой-танымын кеңейтері сөзсіз. Жаңа оқулықтар жүйелі білім алуға негіз қалайды.
Аталған жобаны жүзеге асыру жас мамандарды даярлауда жаңа сапалық кезеңге шығуға мүмкіндік және жаңа оқулықтар бойынша білім алатын студенттеріміз білім саласындағы жаһандық бәсекелерге төтеп береді.

Сәуле АНУАР,
Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжінің
Халықаралық қатынас және қытай тілін оқыту
жөніндегі директордың орынбасары