МАХМҰТ НӘЛІБАЕВ «ЖЫЛ МЕЦЕНАТЫ» АТАНДЫ

11

«Халық сүйіктісі» Ұлттық жүлдесін табыстау салтанаты 3 ақпанда Rixos President Astana қонақ үйінде өтеді. Бұл туралы іс-шара ұйымдастырушылары хабарлады.
«Халық сүйіктісі» жүлдесін үлестіру міндеті арнайы кеңеске жүктелді. Қоғамдық кеңестің төрайымы ретінде бірауыздан Парламент Сенатының депутаты Бірханым Әйтімова сайланды.
Кеңес шешімімен, «Халық сүйіктісі» Ұлттық жүлдесіне төмендегі адамдар лайық деп танылды:
«Жыл таңдауы» – Украинада өткен «Голос.Діти» шоуының жеңімпазы, қазақстандық әнші;
«Жыл жаңалығы» – «QAZAQSTAN» телеарнасы;
«Табыс пен даму» – ҚР Ұлттық паралимпиадалық комитет;
«Алтын дәуір» – белгілі қазақ ақыны Шөмішбай Сариев;
«Жыл меценаты» – Сағадат Нұрмағамбетов атындағы халықаралық қайырымдылық қорының президенті Махмұт Нәлібаев.
Сондай-ақ, халықтық дауыс беру барысында жүлденің негізгі 15 аталымының лауреаттары анықталды.
105 жылдық тарихы бар «Qazaq» газетінің ұжымы құрылтайшымыз Махмұт Ыбырайханұлын «Жыл меценаты» атануымен құттықтайды.
Әдетте, қазақшыл болу бар да, сол қазақтың қамын ойлау, өзіңді сөзбен емес іспен көрсету тағы бар. Ал тұғырлы тұлға топқа емес, ең алдымен ұлтқа қызмет етуді ойласа керек. Ендеше, Махмұт Нәлібаевтай кең жүректі азаматтар барда ертеңгі ұрпақ та осындай мәрттік пен жақсылықтан кенде болмайтындығына кәміл сенеміз!