МЕКТЕППЕН ҚОШТАСУ КЕШТЕРІН ӨТКІЗУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ

15

Шымкент қаласында мектеппен қоштасу кештерін өткізуге тыйым салынды. Бүгін, 25 мамырда өтетін мектеп бітірушілердің «Соңғы қоңырау» күніне орай құқық қорғау органдарының қызметкерлері ерекше тәртіппен жұмыс істейтін болады. Бұл туралы Шымкент қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Айгүл Текебаева айтты.
Сонымен қатар, мектеп директорларына 1, 4, 9 және 11 сынып оқушыларының басшылыққа, сынып жетекшісіне бағалы сыйлық жасауына тыйым салу жүктелді. Білім бөлімінің басшылығы мекеменің ағымдағы жөндеу жұмыстарына ата-аналардан ақша жинауына жол берілмейтіні ескертілді. Еңбекші ауданының прокуроры бұл күні қаладағы жағдай қадағалаушы орган тарапынан қатаң бақылауға алынатынын айтса, Шымкент қалалық жергілікті полиция қызметінің өкілі арнайы мобильдік топ құрылатынын жеткізді.