МЕКТЕПТЕРДІ ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШІРУДІҢ КЕСТЕСІ ЖАРИЯЛАНДЫ

7

ҚР Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында 2025 жылға дейін қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру туралы кестені бекіту жөніндегі бұйрық жобасын жариялады. Жобаны көпшілік алдында талқылау 2018 жылдың 20 сәуіріне дейін жалғасады. Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды.
Кестеге сәйкес, 2019 жылдан 2025 жылға дейін жалпы орта білім беретін ұйымдардағы ұстаздарды латын графикасына өтуді есепке ала отырып, біліктілікті арттыру бойынша курстардан өткізу жоспарланған. Ведомстводағылардың есептеуінше, 192 мыңнан аса мұғалім курстардан өтеді.
0, 1 сыныптар – 2020 жылы, 0, 1 плюс 2 сынып – 2021 жылы, 0, 1, 2 плюс 3 сынып – 2022 жылы, 0, 1, 2, 3 плюс 4 сынып – 2023 жылы, 0, 1, 2, 3, 4 плюс 5-9 сыныптар – 2024 жылы, 0, 1, 2, 3, 4, 5-9 плюс 10, 11 сыныптар – 2025 жылы латын графикасына өтеді.
Оқулықтар мен оқу-әдістемелік жинақтар 0 сынып (мектепалды) – 2018 жылы, 1 сынып – 2019 жылы, 2 сынып – 2020 жылы, 3 сынып – 2021 жылы, 4 сынып – 2022 жылы, 5-9 сыныптар – 2023 жылы латын графикасына ауысады.
Қазақ тілінде жалпы білім беретін мектептердегі оқулықтардың барлығын және қазақ тілінде білім бермейтін мектептерде «Қазақ тілі және әдебиеті» пәні бойынша оқулықтарды латын графикасымен қайта басып шығару, жергілікті атқарушы органдардың оқулықтарды сатып алуын ұйымдастыру 0 сынып (мектепалды) – 2019 жылға, 1 сынып – 2020 жылға, 2 сынып – 2021 жылға, 3 сынып – 2022 жылға, 4 сынып – 2023 жылға, 5-9 сыныптар – 2024 жылға, 10-11 сыныптар – 2025 жылға жоспарланған.