МИНИСТР XV ЕУРАЗИЯЛЫҚ МЕДИАФОРУМҒА ҚАТЫСТЫ

8

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың қатысуымен XV Еуразиялық медиафорум өтті. Форумның ашылуында Дәурен Әскербекұлы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хатын оқып берді.
«Бүгінгі форум медиа саласындағы білікті майталмандардың өзара диалог жүргізуіне мүмкіндік беретін маңызды шара. Шиеленіске толы геосаяси жағдайларда журналистер жұмысының маңыздылығы өте жоғары. Өзгеріп келе жатқан әлемде ақпарат құралдары ғаламдық шиеленістің алдын алатын, жағдайды тыныштандыратын құрал. Осы жерде журналистердің жауапкершілігі шығады. Классикалық журналистикаға басты сын қатер ретінде балама ақпарат көздері блогерлер мен әлеуметтік желіні айтуға болады. Дәстүрлі БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігіне журналистің кәсібилігі мен сапалы контенті ықпал етеді. Осы мақсатта осындай диалог алаңдарын құрудың өзектілігі арта түседі», – делінген Президенттің құттықтауында.