МҰХТАР ӘУЕЗОВТЫҢ 120 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ

12

Алматы қаласындағы академик Қаныш Сәтбаевтың мемориал-дық мұражайының  көрме  залында  Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру іс-шаралары аясында қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтың 120 жылдық мерейтойына арналған көрменің ашылуы өтті. Іс-шараға еліміздің әдебиет және өнер саласындағы белгілі мамандары мен ғалымдары, мектеп оқушылары, студенттер мен БАҚ өкілдері қатысты.

Көрмеде Шығыс Қазақстан облысындағы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің құрамындағы М.О.Әуезовтың мемориалдық музейінен алынған материалдар қойылады.

Көрмеде қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Ленин және Сталин сыйлықтарының иегері, Қазақстан ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор М.О.Әуезов туралы бірегей экспонаттармен танысуға болады. Ал, бірқатар көркемсурет туындылары жазушының мерейтойына арналды.

Бұдан бөлек, «Ғылым ордасы» РМК құрамындағы ғылыми кітапхананың қорынан жинақталған Әуезов тақырыбындағы кітап көрмесі қойылды.