МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ «САFАДАТ САРДАРЛАРЫМЕН» КЕЗДЕСТІ

15

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл Алматы облысындағы Іле ауданына қарасты М. Түймебай ауылының жас спортшыларымен кездесті.

Шараға «Сағадат сардар» жаттығу залында тәлім алып, джиу-джитсу, грепплинг, аралас жекпе-жек спорт түрлерінен Әлем, Азия және халықаралық жарыстардың чемпиондары атанып жүрген 30-ға жуық жасөспірім, сонымен қатар, ауыл спортының дамуына үлкен үлес қосып жүрген Іле ауданының мәслихат депутаты Дауталиев Ғани Сауытбекұлы, Ащыбұлақ ауылдық округі әкімінің орынбасары Мейірманов Ерлан Сайранұлы, Іле ауданының дене шынықтыру жане спорт бөлімінің басшысы Ортыбаев Қайрат Әуелханұлы, Іле ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Қабдікәрімов Жәнібек Болатханұлы қатысты.

Кездесу барысына Бақытбек Смағұл елі үшін аянбай ерлік еткен ұлт мақтаныштары Бауыржан Момышұлы, Сағадат Нұрмағамбетов туралы әңгімелерін айтып берді. Сондай-ақ, өз өлеңдерін оқып, жиылған балалардың рухын бір көтеріп тастады. Ауыл спортын дамыту жолында ерінбей еңбек етіп, қазақ балаларын әлемдік ареналарға шығарып, биік тұғырдан көрінуіне сүбелі үлес қосып жүрген Нұрсұлтан Орынбасаровқа өз кітаптарын сыйға тартты. Нұрсұлтан Орынбасаров өз кезегінде сыйлы қонаққа ата салты бойынша шапан жауып, ризашылығын білдірді.

Айта кетейік, аралас жекпе-жектен Азия чемпионы Нұрсұлтан Орынбасаров М. Түймебай ауылында Халық Қаһарманы, Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың құрметіне арнап «Сағадат сардар» спорт клубын ашқан болатын. Бүгінде бұл клубта жаттығатын жасөспірімдер саны 80-нен асты.

Нұртуған БЕКМҰРАТ