МIНДЕТТI ӘЛЕУМЕТТIК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ

6

Қазақстан Республикасының Президентi – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның Үшiншi жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк» атты Қазақстан халқына Жолдауында төртiншi басымдық – адами капитал сапасын жақсарту көзделген болатын.

Биылғы 1 шiлдеден бастап мемлекеттiң, жұмыс берушiлердiң, азаматтардың ортақ жауапкершiлiгiне негiзделген мiндеттi медициналық сақтандыру жүйесi (ММСЖ) енгiзiле бастады. Бұл жүйенiң тиiмдiлiгi әлемдiк тәжiрибе арқылы дәлелденген.

Медициналық сақтандыру жүйесiне қатысушыларға кең ауқымдағы медициналық қызметтер ұсынылады. Оған қатысушы халықтың әлеуметтiк әлсiз топтарына мемлекеттiк қолдау көрсетiледi. Сонымен, 2017 жылғы 1 шiлдеден бастап әлеуметтiк медициналық сақтандыруды енгiзу жұмысы басталды.

Медициналық сақтандыру қорына жарналар енгiзу арқылы азаматтардың қабылдаудан өткеннен бастап дәрiгердiң толыққанды тексерулерiне дейiн және МӘМС пакетi шеңберiнде қымбат операцияларға, кез келген емханада медициналық қызметтердiң барлық түрлерiне қол жеткiзуiне мүмкiндiк жасалады. Мысалы, егер қандай да бiр өзiн-өзi қамтамасыз ете алатын санаттағы азамат жылына 16 968 теңге (айына 1 414 теңге х 12 айға) жарна аудару арқылы егер сырқаттанып қалған жағдайда ММСЖ жүйесi бойынша белгiленгендей 44 000-нан бастап 4 500 000 теңгеден астам аралықтағы көрсетiлiмге қарай ем қабылдау мүмкiндiгiне ие болады.

Сондай-ақ, төлемi 44 000 000 теңге шамасындағы жүрек ауыстыру операциясын жасатуға дейiн мүмкiншiлiктер туады. Сол сияқты өз үйiне немесе жұмыс орнына жақын орналасқан емханалардан немесе жеке медициналық ұйымдардан  медициналық көмек  алуына болады. Яғни, мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру жүйесi бойынша мемлекет әрбiр азаматқа  уақтылы, қолжетiмдi,  сапалы  медициналық көмек және тиiстi дәрi-дәрмек алуда ТМККК және МӘМС жүйесi шеңберiнде медициналық қызмет көрсетiлуiне мүмкiндiк ашып отыр. Аталған көмектердi әр үмiткердiң денсаулық сақтау субъектiлерiнiң дерекқорына енгiзiлген мемлекеттiк және жекеменшiк медициналық мекемелерден алуы қамтамасыз етiледi.

Медициналық сақтандыру қорына жарналар енгiзу арқылы азаматтар қабылдаудан өткеннен бастап дәрiгердiң толыққанды тексерулерiне және кез келген емханада медициналық қызметтердiң барлық түрлерiне қол жеткiзе алады. Мiндеттi медициналық сақтандыруды таңдау тұрғындардың қажеттiлiктерiне жауап беретiн заманауи қолжетiмдi медицинаға жол ашады.

Медициналық сақтандыру жүйесiне қатысушыларға кең ауқымдағы медициналық қызметтер ұсынылады.  Айталық, медициналық сақтандыру жүйесiнiң аясында жедел жәрдем және санитариялық авиация; әлеуметтiк мәнi бар аурулар кезiндегi медициналық көмек; шұғыл жағдайлар кезiндегi медициналық көмек; профилактикалық екпелерден бөлек, амбулаториялық-емханалық көмек; стационарлық көмек; стационарды алмастыратын көмек; жоғары технологиялық медициналық қызметтер көрсетiледi.

Амбулаториялық-емханалық, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезiнде дәрiлiк заттармен қамтамасыз етедi.

Амбулаториялық дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету желiсiн кеңейту арқылы халықтың қызметтерге қолжетiмдiлiгiн арттыру және сапалы медициналық көмектiң қолжетiмдiлiк деңгейiн арттыру iске асырылады. Сонымен қатар, азаматтардың денсаулығын жақсарту және өмiр сүру ұзақтығын арттыруға мүмкiндiк ашылады.

Мемлекеттiң мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру жарналары: 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттiң жарналары – 3,75 пайыз; 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттiң жарналары 4 пайызға ұлғаяды.

Ал, ендi, жұмыс берушiлер 2017 жылғы 1 шiлдеден жұмыскердiң айлық жалақысының 1% мөлшерiнде жарна төлей бастаса, жеке кәсiпкерлер және соларға теңестiрiлген тұлғалар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша табыс табатын жеке тұлғалар 2017 жылғы шiлдеден бастап жарналар аудара бастады.

Мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру мәселелерiне қатысты «Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне денсаулық сақтау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңның ережелерi жарна мөлшерiн қысқартуға, сонымен қатар, бизнеске түсетiн жүктеменi азайтуға бағытталған.

Осылайша, жұмыс берушiлер үшiн ең жоғарғы мөлшерлеме 5%-дан 3%-ға дейiн, жеке кәсiпкерлер үшiн 7%-дан 5%-ға дейiн төмендетiлдi. Сонымен қатар, жеке кәсiпкерлер үшiн жарна есептеу объектiсi де төмендетiлдi. Бұрын бұл санаттағылар табысының 7%-ын төлеуi тиiс болса, ендi ең төменгi жалақының (ЕТЖ) 5%-ы төленетiн болды.

Аударылған жарнасының көлемiне қарамастан тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн толыққанды ала алады, жыл сайын аударған 16 968 теңгеге сақтандыру пакетi шеңберiнде қолжетiмдi медициналық қызметтер көрсетiледi.

Қалай болғанда да пациенттiң таңдау құқығы шектелмейдi. Демек, ол кепiлдендiрiлген тегiн медициналық көмек көлемi (ТМККК) пакетiмен шектелсе де, қалтасынан қаржы шығарып жекеменшiк клиникада емделем десе де, тиiстi жарнаны төлеп, өткен 12 айға жарна аудару арқылы МӘМС жүйесiне кiрем десе де өзi шешедi.

Медициналық сақтандыру жүйесiне қатысушылар мынадай жарналар аударады:

– жұмыс берушiлер 2017 жылғы 1 шiлдеден бастап ай сайын жұмыскердiң жалақысынан – 1 %, 2018-2019 жылдары 1,5 % аударымдар жасайды;

– жеке кәсiпкерлер, жеке нотариус, адвокат, кәсiби медиатор, шаруа қожалығының иелерi 2017 жылғы 1 шiлдеден бастап ай сайын ең төменгi жалақының 5%-ы, яғни мөлшерi 2017 жылы айына 2 445,9 теңгенi, ал 2018 жылы айына 2828 теңгенi құрайды.

Жалдамалы жұмыскерлер 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ай сайын жалақының 1%-ы, 2020 жылдан бастап 2%-ы мөлшерiнде жарна төлейтiн болады. Ал, тұрақты табысы жоқ, өзiн-өзi жұмыспен қамтитын жеке тұлғалар 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ай сайын өзi үшiн 1 ең төменгi  жалақының 5%-ын немесе 1 414 теңге жарна аударады (12х1414 = 16968 теңге болады).

Сонымен қатар, халықтың әлеуметтiк әлсiз топтарына мемлекет қолдау көрсете отырып, мынадай 14 санаттағы азаматтарды өз қамқорлығына алған:

1) балалар;

2) жұмыссыз ретiнде тiркелген адамдар;

3) жұмыс iстемейтiн жүктi әйелдер;

4) бала (балалар) үш жасқа толғанға дейiн оны (оларды) iс жүзiнде тәрбиелеп отырған жұмыс iстемейтiн адамдар;

5) бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейiн оның (олардың) күтiмiне байланысты демалыста жүрген адамдар;

6) мүгедек балаға күтiм жасауды жүзеге асыратын жұмыс iстемейтiн адамдар;

7) зейнетақы төлемдерiн алушылар, оның iшiнде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi;

8) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесiнiң мекемелерiнде (қауiпсiздiгi барынша төмен мекемелердi қоспағанда) сот үкiмi бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар;

9) тергеу изоляторларындағы адамдар;

10) жұмыс iстемейтiн оралмандар;

11) «Алтын алқа», «Күмiс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ, I және II дәрежелi «Ана даңқы» ордендерiмен наградталған көп балалы аналар;

12) мүгедектер;

13) орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары бiлiм беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарында күндiзгi оқу нысанында бiлiм алып жатқан адамдар;

14) оқу аяқталған айдан кейiнгi күнтiзбелiк үш ай iшiнде орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары бiлiм беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарында күндiзгi оқу нысанында оқуын аяқтаған адамдар үшiн Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнде айқындалатын тәртiппен ай сайын ағымдағы айдың алғашқы бес жұмыс күнi iшiнде төленедi.

Бұдан бөлек, қорға аударылған барлық сақтандыру жарнасына қатысты мәлiметтер ашық түрде жүргiзiледi. Сақтандыру жарнасын төлеген азаматтар арнайы желiдегi «жеке кабинетiнен» төлемдердiң барлығын ашық түрде көре алады. Қорда жиналатын қаражаттың медициналық қызметтерге бағытталуы өте маңызды, сондықтан ондағы қаржы емделетiн әрбiр азаматқа тiкелей бағытталады.

А. БЕДЕН,

«Әлеуметтiк медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық

емес акционерлiк қоғамының Оңтүстiк Қазақстан облысы

бойынша филиалының Халықты ақпараттандыру

және өтiнiштердi қарау жөнiндегбөлiм жетекшiсi