«НҰРЛЫ ЖЕР» ЕЛДІҢ ИПОТЕКАЛЫҚ НАРЫҒЫН ҚАЛАЙ ӨЗГЕРТТІ?

25

«Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен қолға алынды. Бағдарламаның басты мақсаты – халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету.

Бәрі қашан және қалай басталды?

Бағдарлама 2016 жылдың желтоқсан-ында бекітіліп, 2017 жылдың маусымында іске қосылды. Алғашқы үшжақты келісім-шарт банк, Қазақстан ипотекалық компаниясы (ҚИК) мен қарыз алушының арасында 2017 жылдың 7 маусымында жасалды. Қарыз алушыға арналған субсидиялық қарыз 10%-ды құраса, қарыздың қалған бөлігін жабуды ҚИК өз мойнына алды.
Бағдарламаның алғашқы қатысушы-ларының бірі Константин Дербышев: «Біз «Нұрлы жер» бағдарламасы жайында «ЦентрКредит банкіне» ипотекалық өтінім беруге келгенде менеджерден білдік. Жеңіл ипотека жайында білгенде, әрине біз мұндай мүмкіндікті жіберіп алмауға тырыстық, себебі бізден ешқандай артық күш-жігер мен шығын шығару қажет емес еді. Біз тек қана құжаттар жинадық. Оның үстіне банк қызметкерлері бізге мейлінше көмектесті», – дейді. Ал, бүгінде Дербышевтей мыңдаған қазақстандық отбасы қоныс тойын тойлап үлгерді.

Нәтиже қандай?

Бір ай уақыт өткеннен кейін, яғни шілде айының ортасына қарай ипотекалық несие нарығы 13%-ға өсті. Бұл бірнеше жылдан бергі елеулі серпін еді.
«Біздің көріп отырғанымыздай, 2017 жылы екінші деңгейдегі банктердің ипотека рәсімдеулері өсті, – дейді ҚИК-тің субсидияландыру бөлімінің бастығы Арсен Оспанов, – Яғни, «Нұрлы жер» бағдарламасы өз міндет-мақсаттарын орындап, ипотекалық нарықтың жандануына үлес қосып жатыр».
Иә, бүгінгі күнге дейін компаниямен 8 млрд теңге көлеміндегі қаржыға 805 өтінім мақұлданған. Қарыз Астана, Алматы, Ақтау, Орал, Көкшетау, Ақтөбе, Өскемен, Қостанай, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Тараз, Семей, Талдықорған, Шымкент, Жезқазған қалаларында берілген.
«Нұрлы жер» бағдарламасының нәтижесінде ипотекалық несие нарығы соңғы жылдағы ең жоғарғы өсімді сезінді.

Бағдарламаның мақсаты

Жыл сайын «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша ипотекалық несие ретінде банктер халыққа беретін 10 млрд теңге көлемінде субсидиялық қаржы бөлінеді. Болжам бойынша, бұл баспана алуға 8 000 несие мен 120 млрд теңге көлемінде қаржыны қамтуға мүмкіндік береді. Осылайша «Нұрлы жер» бағдарламасы тұрғын үй құрылысының дамуына мүмкіндік береді.

Бағдарлама үнемі жақсарып отырады

ҚИК әлі де қазақстандықтар үшін қолжетімді және ыңғайлы ету үшін бұл бағдарламаны жетілдіру аясында жұмыс жасауда.
1. Коллегиалдық органның тәртібі қайта қаралып, жеңілдетілді. Кадрлық ауыстыру жүргізілді.
2. Өтінімнің қаралу уақытын қысқартып, автоматтандыра-тын бағдарлама әзірленіп жатыр.
3. ҚР Үкіметі «бастапқы тұрғын үй» мағынасын кеңейтетін, яғни тұрғын үйді тек қана құрылысшыдан ғана емес, басқа да құрылысшының атынан іс-әрекет жасайтын заңды тұлғалармен де жұмыс жасайтын мүмкіндік беретін бағдарламаға өзгерістер енгізген.
4. Алғашқы жарналарға деген талап икемді етіп өзгертілуде (өз есеп-шотыңыздағы алғашқы жарнаны растау, сонымен қатар, алғашқы жарнаны қосымша кепілмен алмастыру мүмкіндігі қарастырылуда).

Қай банктер бағдарламаға қатыса алады?

Бүгінгі күні аталған бағдарламаға бес банк қатысады. Басқа банктер төлем жүгін өз несие алушыларына төмендетуде қосымша шарттар ұсынды. Мысалы, «Банк Центр Кредит» субсидияландырудың мерзімі аяқталған соң, қарыз алушыға 10 пайыздық мөлшерлемені сол деңгейде ұстап тұрады. «Сбербанк» тек 0,5 пайызға жоғарылатады, демек жылдық пайыз – 10,5.
«Қатысушы банктер несиені маусым айынан бастап бере бастады. Бүгінгі күнге дейін 847 өтініш, оның ішінде 805 несие компаниямен қанағаттандырылды, – деп баяндады Арман Оспанов. – Жоғары деңгейдегі бес банк – «Банк Центр Кредит» АҚ, «АТФБанк» АҚ, «Сбербанк» АҚ және «Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» бағдарламаға қосылып, ипотекалық несиелерді субсидияландыруда».
Басқа өздерінің қатысатындарын растаған банктер бағдарламаға жылдың соңына дейін қосылады. Халықтың аталмыш бағдарламаға деген қызығушылықтарының жоғары екенін айта кеткен жөн. Ай сайын келіп түсіп жатқан өтініштердің саны екі есеге артып келеді. Банктердің жылдам қызмет көрсетуінің нәтижесінде өтініштер қысқа мерзімде қаралып, субсидиялық несие беру мақсатында ҚИК-на бағытталып жатыр.
Бағдарлама шарты бойынша ҚИК өтінімді 5 жұмыс күні ішінде қарастырып, банкке жауапты 3 күн ішінде беруі керек. Бірақ олар ішкі бизнес-үрдістерді оңтайландырып, енді өтінішті қарастырып, субсидиялық несиені беру шешімін 2-3 күнде шығарады.

Жеңілдетілген несиені алуға бес қадам

Бірінші қадам: Қарыз алушы серіктес-банкке «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ипотекалық қарыз алуға банк талаптарына сай құжаттарын тапсырады.
Екінші қадам: Банк қарыз алушының төлем қабілеттігін және кепілдігін тексеріп, егер барлығы дұрыс болса, шешім қабылданғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде ҚИК-на қарыз беру жайында өтініш жібереді.
Үшінші қадам: ҚИК 5 жұмыс күні ішінде өтінішті алғаннан кейін бағдарламаға сәйкес құжаттарды тексереді.
Төртінші қадам: ҚИК 3 жұмыс күні ішінде банкке қабылданған шешім жайында жазбаша түрде хабарлама жібереді.
Бесінші қадам: Құрылысшы мен қарыз алушы арасында сатып алу-сату келісім-шарты жүргізіледі.
Банк ҚИК-нан алынған рұқсаты негізінде қарыз алушымен төлем кестесін, ипотекалық келісім-шарт, сонымен қатар, өз жағынан субсидияландыруға келісім-шартқа қол қойып, қарыз алушыға қол қойғызғаннан кейін ҚИК-на жібереді. Екі жұмыс күні ішінде қол қойылғаннан кейін ҚИК келісімнің екі данасын қайтарып, біреуін қарыз алушының қолына ұстатады.

«Нұрлы жермен» жылжымайтын мүлік алудың шарттары қандай?

Бастапқы тұрғын үйді несиеге алу. «Бастапқы тұрғын үй» дегеніміз жылжымайтын тұрғын үй нысаны (пәтер немесе жеке үй) оған меншік иесі ретінде бірінші рет тіркелуі тиіс.
Қарыз алушыда сатып алынып отырған нысанның 30 пайыз көлеміндегі сомасының бар екені немесе сатушыға қаржының төленгенін растайтын құжат, болмаса қарыз алушыға немесе үшінші жаққа тиесілі бағасы тең келетін басқа жылжымайтын мүлік болуы керек.
Қарыз алушыға соңғы өтінім жылдық 10 пайыздық өсіммен беріледі.
Субсидияландырудың ең жоғарғы мерзімі – 10 жыл.
Ең жоғарғы қаржыландыру көлемі Астана және Алматы қалалары үшін 20 млн теңге, басқа аймақтар үшін 15 млн теңге.

Пәтердің төлемін есептеудің үлгісі

Пәтер бағасы – 28 570 000 теңге (жаңа пәтер Астана немесе Алматы)
Алғашқы жарна – 30 % немесе 8 570 000 теңге
Несие: 20 000 000 теңге
Мерзімі: 180 ай (ең жоғарғы)
Пайыздық мөлшерлеме: 16%, оның ішінде 10% қарыз алушы, 6% ҚИК төлейді.
Субсидияландыру мерзімі: 120 ай (ең жоғарғы)
Банктің бұрынғы шарттары бойынша 16% төлеммен айлық төлем 297 000 теңге болса, субсидияландыру шартымен 195 000 теңгені құрайды (ҚИК-сы 99 000 теңгені қайтарып отыр). Осылайша тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша қарыз алушының жүгі 34%-ға жеңілдейді.