ПОЙЫЗ БИЛЕТТЕРІ ҚАНША ПАЙЫЗҒА ҚЫМБАТТАЙДЫ?

7

«Жолаушылар тасымалы» АҚ өкілдері 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап пойыз билеттерінің бағасы 7 пайызға қымбаттайтынын хабарлады.
Тарифтер мына бағыттар бойынша көтеріледі: №085/086 хабарлама бойынша «Астана-Сарыағаш»; №021/022 хабарлама бойынша «Қызылорда-Семей»; №313/314 хабарлама бойынша «Атырау-Маңғышлақ»; №339/340 хабарлама бойынша «Павлодар-Пресногорьковск»; №373/374 хабарлама бойынша «Алматы-Жезқазған»; №603/604 хабарлама бойынша «Астана-Арқалық»; №377/378 хабарлама бойынша «Алматы-Маңғышлақ»; №085/086 хабарлама бойынша «Қарағанды-Сарыағаш»; №021/022 хабарлама бойынша «Алматы-Семей»; №22/6941/6942/21 хабарлама бойынша «Алматы-Достық»; №339-55/56-154 хабарлама бойынша «Павлодар-Қызылорда».
Өз кезегінде «Түрксіб-Астана» ЖШС директоры Владимир Рожко бағыттардың біреуіне тарифті жоғарылату туралы жоспарын айтты.
«Бізде «Қостанай-Алматы» бағытындағы пойыз билетінің бағасы үш пайызға қымбаттайды», – деп түсіндірді ол.