РЕСЕЙДІҢ ӘЙГІЛІ ИНСТИТУТЫ 100 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫН ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫНДА АТАП ӨТЕДІ

26

16 мамыр күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына және Астана қаласының 20 жылдығына арналған С.А.Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институты (БМКИ) өзінің 100 жылдық мерейтойы аясында Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұйымдастыруымен Алматы қаласының Достық үйінде ҚазҰӨА ректоры және институттың (БМКИ) басшылығы, профессорлық құрамы, сондай-ақ ең дарынды студенттерінен құрылған шығармашылық тобының қатысуымен баспасөз-конференциясы өтті.
Бағдарламаға ресейлік ғалым Владимир Малышев, С.А. Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институтының ректоры Вадим Абдрашитов, РФ Халық әртістері Наталья Орынбасарова, Сергей Соловьев және әр жылдардағы БМКИ-дің түлектері қатысты.
Осы шара аясында институттың ең дарынды студенттері алматылық көрермендер үшін «Евгений Онегин», «Много шума из ничего» және «Говорящий немой» атты үш спектакль ұсынады. Профессорлық құрам кәсіби қазақстандық жоғарғы оқу орындарының студенттері үшін режиссура, анимация, сахналық қозғалыс, бейнелеу өнері бойынша шеберлік сабақтарын өткізеді.