САУД АРАБИЯСЫНДА КИНОТЕАТРЛАР ҚАЙТА АШЫЛАДЫ

5

Сауд Арабиясының билігі кинотеатрлардың жұмысына салынған тыйымның алынып тасталғанын мәлім етті. Аталмыш елде кинотеатрлар 1983 жылы жабылған болатын. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
«Бұл мәдениет саласының экономикасын дамытуда өзгерісті кезең. Кинотеатрлардың ашылуы экономика өсімін ілгерілете түсіп, оны әртараптандыруға жол ашады», – деді Сауд Арабиясының Мәдениет және ақпарат министрі Аллада Аллавад.
Министр тыйымның алынып тасталуы ханзада Мұхаммед ибн Салманның іске асырып отырған әлеуметтік және экономикалық реформаларының бір бөлігі болып табылатынын атап өтті. Корольдік үкіметінің жоспарынша, 2030 жылға қарай елде 300 кинотеатр ашылатын болады. Бұл 30 мың жаңа жұмыс орнын ашып, жалпы ішкі өнімге 24 млрд доллар көлемінде үлес қоспақ.
Айта кетейік, елде өткізілген әлеуметтік реформалардың тағы бірі – келесі жылдан бастап әйелдердің көлік жүргізуіне тыйымның алынып тасталуы. Бұдан бөлек, 2018 жылы араб әйелдеріне алғаш рет спорттық стадиондарға баруға рұқсат етіледі.