СӘБИЛЕР АРАСЫНДА ЕҢБЕКТЕУДЕН ЖАРЫС ӨТТІ

6

Қырғызстанның Ош қаласында алғаш рет сәбилер арасында еңбектеуден чемпионат өтті, деп хабарлайды kabar.kg.
Ош қалалық жастар ісі комитеті 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Менин биринчи ийгилигим» ұранымен сәбилер арасында жарыс ұйымдастырды.
Біріншілікке 100-ге тарта бөбек қатысты. Бірінші орынды 11 айлық Алихан Сатимбаев иеленсе, 2-орын 11 айлық Адиля Ниматиллаеваға, 3-орын 10 айлық Аруузат Соотбековаға бұйырды.
Жеңімпаздар бағалы сыйлықтарман марапатталды, ал сәбилердің ата-анасына құрмет грамотасы табысталды.
Бұған қоса, ұйымдастырушылардың атынан 500-ге жуық балаға балмұздақ таратылып, шығармашылық және зияткерлік байқаулар өткізілді. Сонымен қатар, интернат үйінің 40 тәрбиеленушісі киноға тегін бару мүмкіндігіне ие болды.