СӘУЛЕТІ ЕРЕКШЕ ҒИМАРАТТАР

10
Wuxi Wanda Exhibition Center. Қытай
Wuxi Wanda Exhibition Center (Шәйнек ғимарат) – Цзянсу ауданындағы Уси қаласында орналасқан шәйнек кейпіндегі мәдени көрмелер орталығы. 10 қабаттан тұратын ғимараттың құрылысы 2017 жылы аяқталды.
Lotus Temple. Үндістан
Lotus Temple (Лотос ғибадатханасы) деп аталатын Бахаи дінінің бұл басты ғибадатханасы 1986 жылы есігін айқара ашты. Үндістан астанасы Нью-Делиде орналасқан сәулет туындысының құрылысы 8 жыл бойы жүргізілді. Ақ мәрмәрдан салынған ғимараттың биіктігі – 31 метр, сыйымдылығы – 1 300 орын. Ашылған лотос гүлінің бейнесіндегі ғибадатханаға 1986 жылдан бері 100 миллионнан астам турист келіп, бұл көрсеткішпен Лотос ғибадатханасы Эйфель мұнарасы мен Тәж-Махалдың алдын орап кетті.
Сrooked little house. Польша
Сrooked little house (Қисық үй) – Польшаның Сопот қаласында орналасқан бизнес орталық. Бір қарағанда бұл ғимарат
күнге балқып кеткен үйге ұқсайды. Расымен, аталмыш
ғимарат қисық және оның бірде-бір түзу бұрышы кездеспейді.
2004 жылы польшалық архитекторлар Шотинсков пен Залевсковтың жобалауымен салынды.
Нaines shoe house. АҚШ
Нaines shoe house (Бәтеңке үй) – АҚШ-тың Пенсильвания штатына қарасты Хеллам қалашығында осыдан 70 жыл бұрын салынған ерекше үй. Бұл бәтеңке үйін өз заманындағы атақты кәсіпкер Мэлон Хейнс ойлап тапқан. Ол кезде 73 жастағы кәсіпкердің қол астында құрамына 40 аяқ киім дүкені кіретін ірі аяқ киім компаниясы бар еді. Аталмыш үйдің ені – 12 метр, биіктігі – 8 метр. Тіпті, үйдің пошта жәшігі де бәтеңке формасында жасалған екен.