ШЕТЕЛДЕ БІЛІМ АЛУДЫҢ ЖОЛЫ ҚАЙСЫ?

8

Қазір шетелде білім алу – орындалмайтын арман емес. Ал, білімге құштар жастар үшін әлемнің озық елдерінің беделді білім
ордаларының есігі әрдайым ашық. Ғасырдан астам тарихы бар
«Qazaq» газеті бүгін білімсіз болашақтың бұлдыр болатынын
жақсы түсінетін, білмекке талпынатын жастарға шетелдің жоғары оқу орындарындағы шәкіртақылық бағдарламаларды ұсынады.

ГЕРМАНИЯ: АКАДЕМИЯ-ЛЫҚ АЛМАСУДЫҢ ГЕРМАНИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ

DAAD (Академиялық алмасудың герман-дық қызметі) – студенттер және ғалымдар-дың халықаралық академиялық алмасуына әрекеттесетін әлемдегі ірі ұйымдардың бірі.
DAAD студенттер және ғалымдардың академиялық алмасуын ұйымдастырады, қаржыландырады, Германиядағы оқыту мүмкіндіктері мен зерттеулерді жүргізу туралы хабардар етеді, немістің ЖОО-ның беделділігі және интернационалдығын арттыруға жағдай жасайды.
DAAD қазақстандық студенттерге, ғалым-дарға және мамандарға, оқытушыларға неміс, ағылшын тілдерінде 10-нан артық шәкіртақылық қолжетімді бағдарламаларды ұсынады.
Үміткер ұсынатын қажетті құжаттар:
– қатысуға арналған өтінімнің толтырыл-ған бланкі;
– өмірбаян;
– эссе (уәждеме хат);
– оқытушылардан ұсыныс хаттар;
– неміс немесе ағылшын тілдерін білуі туралы тілдік сертификат (DSD II, TestDaF, DSH, OnDaF / TOEFL, IELTS);
– мектеп аттестатының көшірмесі;
– диплом/транскрипт көшірмесі.
Өтінімді қалай беруге болады?
Үміткерлер DAAD порталында (www.daad.kz) құжаттарды жүктейді, өтінімдерді DAAD аймақтық өкілдігіне жібереді.
Мекенжайы: Алматы қаласы, Иванилов көшесі 2, Германия Федеративтік Республика-сының Бас елшілігі.
DAAD ақпараттық орталығы:
Алматы қаласы, Пушкин көшесі, 111/113, Қазақ-Неміс университеті, 18 кеңсе.
Байланыс тел.: +7 (727) 293-90-35

ҰЛЫБРИТАНИЯ: «CHEVENING» БАҒДАРЛАМАСЫ

«Chevening» – Ұлыбритания үкіметінің шәкіртақысы. Бұл шәкіртақы Қазақстанның болашақта мемлекет шешімдеріне ықпал етерлік әлеуеті бар жас көшбасшыларына арналады. «Chevening» шәкіртақысының көпшілігі дипломнан кейінгі магистрлік бағдарламаларға бағыт-талады. Басқа да британдық бағдарламалар-мен салыстырғанда аталған шәкіртақының басты артықшылығы – «Chevening» грантының иегері үшін өзі таңдаған жоғары оқу орнындағы оқуақысы да, Ұлыбританияда тұру шығыны да тегін болады.
Басты талаптар мен үміткер ұсынатын қажетті құжаттар:
– жоғары білім туралы диплом;
– оқудың таңдалған бағыты бойынша кемінде екі жыл Ұлыбританиядағы жұмыс өтілі;
– бағдарлама талаптарына сәйкес ағылшын тілін білуі.
Өтінішті қалай беруге болады?
Өтініштер e-Chevening жүйесі (www.chevening.org/kazakhstan) арқылы онлайн режимде қабылданады. Ал, құжаттарды электронды пошта арқылы жіберуге болмайды.

АҚШ: FULBRIGHT БАҒДАРЛАМАСЫ

АҚШ Үкіметі американдық ең танымал оқу орындарының бірінде тегін білім алу мүмкіндігін дәлдік ғылымдар және техно-логиялар саласындағы «Fulbright» шәкіртақысын ұсынады. Магистратурада білім алуға арналған бағдарлама түлектер мен жас мамандардың АҚШ-та магистр дәрежесін алуына көмектеседі. Шәкіртақы оқуға, жолақысына, медициналық сақтандыруға, тұруға, оқулықтар сатып алуға жұмсалатын және басқа да ұсақ-түйек шығындарды толығымен өтейді. Ал, магистратурада білім алуға болатын мамандықтар тізбесі шектеусіз.
Үміткер ұсынатын қажетті құжаттар:
– онлайн режимде толтырылған сауалнама;
– жоғары білім туралы дипломның, оның қосымшаларының көшірмесі (шет тіліне аударылған және нотариалды куәландырылған);
– оқытушылардан үш ұсыныс хат;
– ағылшын тілін білетіні жөніндегі сертификат (TOEFL, GME);
– түйіндеме;
– төлқұжат көшірмесі.
Өтінішті қалай беруге болады?
Құжаттардың қабылдануын АҚШ елшілігі жүзеге асырады. Кандидаттарды бастапқы іріктеуді АҚШ елшілігі жүргізеді де, одан әрі кандидатураларды АҚШ-та тәуелсіз іріктеу комиссиялары қарастырады.
Қазақстандағы АҚШ елшілігінің бай-ланыс мәліметтері:
Астана қаласы, Қошқарбаев даңғылы, 3.
Тел.: +7 (7272) 70-21-00
Алматы қаласы, Жолдасбеков к-сі, 97.
Тел.: +7 (727) 250-48-02

ТҮРКИЯ: KOС UNIVERSITY-НІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Koç University – 1993 жылы Стамбулда құрылған Түркия Республикасының коммер-циялық емес жоғары оқу орны. Университет туралы толық ақпаратты www.ku.edu.tr сайтынан немесе +90 212 338 1000 телефон нөміріне ақылы қоңырау шалу арқылы білуге болады.
Университет бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша грант ұсынады.
Өтінішті қалай беруге болады?
Әр үміткер онлайн-өтінім жүйесінде қажетті ақпарат пен құжаттарды университеттің ресми сайтында толтыруы керек (бакалавриат үшін http://smallapps.ku.edu.tr, магистратура үшін http://gradapp.ku.edu.tr). Онлайн жүйеде өтінімді толтырғаннан кейін үміткерлер төмендегі құжаттарды «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ офисіне тапсыруы керек.
Мекенжайы: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, «Алтын Орда» бизнес орталығы, 5-қабат, 501-кабинет.
Бакалавриат бағдарламасы үшін:
– соңғы 2 жылғы табелі (түпнұсқа мен көшірмесі);
IELTS немесе TOEFL-IBT сертификаты (түп-нұсқа мен көшірмесі);
– уәждемелік хат (көшірме);
– ұсыныс хат (көшірме);
– үміткердің толтырған сауалнамасы (басып шығарылған).
Магистратура және докторантура бағ-дарламасы үшін:
– диплом және транскрипт;
– IELTS немесе TOEFL-IBT сертификаты (түпнұсқа мен көшірмесі);
– GRE сертификаты (155 балдан жоғары);
– уәждемелік хат;
– екі-үш ұсыныс хат;
– түйіндеме.
Айта кетейік, құжаттар түпнұсқалары тексерілгеннен кейін қайтарылады.
Толық ақпаратты, оның ішінде мамандық-тардың тізімін, тұру бойынша шамаланған шығындарын +7 (7172) 24-93-71, 76-90-83 телефон нөмірлері арқылы алуға болады.

ҚХР: КОНФУЦИЙ ИНСТИТУТЫ

Қытай тілінің және қытай мәдениетінің бүкіл әлемде дамуын қолдау мақсатында Конфуций институтының (Confucius Institute) шәкіртақылары студенттерге шет тілі ретінде қытай тілін оқыту саласында (MTCSOL) Қытай университеттерінде магистр дәрежесін алуды, сонымен қатар, қытай тілі мен әдебиеті, Қытай тарихы мен философиясы секілді мамандықтар бойынша білім алуды ұсынады.
Ең әуелі үміткерлер ресми сайтқа кіріп, «Конфуций институтының шәкіртақылары нысанын» толтырып, келесі құжаттардан тұратын электрондық файлдардың скан-көшірмелерін салулары қажет:
– сауалнама;
– фотосурет жапсырылған төлқұжат бетінің скан-көшірмесі;
– HSK және HSKK сертификаттарының скан-көшірмелері;
– дипломның және соңғы оқу орнынан берілген, оқу орны куәландырған үлгерім жайлы бланкінің қытай және ағылшын тілдеріне аудармасы;
– профессордан немесе доценттен екі ұсыныс хат (қытай немесе ағылшын тілдерінде);
– магистрлік бағдарламаны аяқтаған соң кемінде 5 жыл бойы шет тілі ретінде қытай тілінің оқытушысы болып жұмыс істеуге даярлығы туралы қытай тілінде жазылып, үміткердің қолы қойылған жазбаша растама қағаз.
Өтінішті қалай беруге болады?
Тиісті құжаттардың скан-көшірмелерін жіберу онлайн режимінде жыл сайын бағдарламаның ресми сайтында белгіленетін мерзімде жүзеге асырылады.
Қазақстандағы ҚХР елшілігінің бай-ланыс мәліметтері:
Астана қаласы, Қабанбай батыр даң., 28.
Тел.: +7 (7172) 79-35-61
Алматы қаласы, Байтасов көшесі, 12.
тел.: + 7 (727) 270-02-21
Айта кетейік, Конфуций институтының әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (Алматы), Лев Гумилев атындағы ЕҰУ (Астана), Құдайберген Жұбанов атындағы АМУ (Ақтөбе), ҚарМТУ (Қарағанды) жанынан ашылған бөлімшелері бар.

АУСТРАЛИЯ: «ENDEAVOUR AWARDS» БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

«Endeavour Awards» – оқу мен қызметтегі жоғары нәтижелері мен еңбегі үшін студенттерді, зерттеушілерді және күллі дүниежүзі мамандарын ынталандыруға бағытталған Аустралия үкіметінің халықаралық білім беру бағдарламасы.
«Endeavour Awards» бағдарламасы Азия-Тынық мұхит аймағының, Таяу Шығыстың, Еуропа мен Американың тұрғындарына Аустралия аумағында білім алу, зерттеушілік қызметпен айналысу және кез келген бағытта кәсіби даму мүмкіндігін ұсынады.
Үміткер ұсынатын қажетті құжаттар:
– жоғары білім туралы дипломның, оның қосымшаларының ағылшын тілінде нотариалды куәландырылған көшірмесі;
– оқытушылардан ұсыныс хаттар;
– эссе (уәждемелік хат);
– ағылшын тілін білетіні туралы сертификат (TOEFL, IELTS );
– азаматтығын растайтын құжат көшірмесі.
Өтінішті қалай беруге болады?
Өтінімдерді қабылдауды Аустралия елшілігі жүзеге асырады.
Мекенжайы: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 77/7. Тел.: +7 (727) 258-59-60

Тобықтай түйінЕгер Сізді шетелде тағылымдамадан өту немесе білім алу қызықтырса, ең алдымен өзіміздің «Болашақ» халықаралық стипендиясына назар аударыңыз. Бұл бағдарлама жыл сайын жүздеген қазақстандық жастардың әлемнің ең үздік жоғары оқу орындарында білім алуына жол ашып келеді. Дегенмен, Сіз үшін оған қабылдану қиын болса немесе өз бетіңізше оқуды қаласаңыз, шетелдік елшіліктердің, мәдени орталықтардың және білім қорларының ресми сайттарын жиі бақылап тұрыңыз.

Мадияр ӘЗИЗҰЛЫ, “Qazaq” газеті