Шүменов – Дортикос жекпе-жегінің кейінге қалдыру себебі белгілі болды

4

Sports.kz хабарлауынша, WBA (Regular) тұжырымы бойынша бірінші ауыр салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Бейбіт Шүменовке қарсы WBA тұжырымы бойынша әлемнің уақытша чемпионы Юниер Дортикостың 29 сәуірге жоспарланған жекпе-жегі жерлесіміздің жарақаты салдарынан өтпейтін болды. Бар ақпаратқа сәйкес, кешегі спарринг уақытында Бейбіт оң көзінен жарақат алып, жергілікті клиникалардың біріне жүгініп, оған ота жасалған.