«ЭКСПО-2017»: ТАМАҚ ПЕН КӘДЕСЫЙ САТУДАН 1 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ ПАЙДА ТҮСТІ

20

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы көрмеде кәдесый мен тамақ сатудан түскен қаражат сомасын жариялады. Тауар айналымының жалпы сомасы көрме өткен екі ай ішінде 905,7 миллион теңгені құрады.
«10 маусымнан 14 тамызға дейін жалпы құны 131 767 992 теңге тұратын 84 495 дана лицензиялық өнім сатылған. Көрме жұмыс істеген екі айда 537,8 тонна өнім жеткізілген. Халықты аспен қамту бойынша – қызмет көрсетілген келушілер саны 558,7 мың адам. Тауар айналымының жалпы сомасы 905,7 миллион теңге», – деп хабарлады «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.