ЭЛЕКТРОНДЫ ТЕМЕКІ, ҚОРҚОР ШЕГЕТІНДЕР ДЕ ШЫҒЫНДАЛАДЫ

16

Қазақстанда алдағы уақытта электронды темекіге салық салынады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісі хабарлады.
ҚР Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің айтуынша, қазіргі кезде кәдімгі темекіге салық салынады. Ал электронды сигареттерге қатысты ешқандай акциз жоқ. Сол себепті қауіпті темекі өнімдеріне де акциз енгізу қажет.
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша электронды темекінің акциздері екі жылдан кейін енгізіледі.
«2020 жылдан бастап салық енгізіледі. Негізі, электронды сигареттерде темекі жоқ. Ол жерде арнайы сұйықтық қолданылады. Дәл сол xимиялық сұйықтыққа қатысты акциз енгізіледі», – дейді комитеттің басқарма басшысы Дамир Нұрғалиев.
Жоспар бойынша екі жылдан кейін қорқор сияқты құралдарда қолданылатын темекінің бір келісі 7 345 теңгеге дейін қымбаттайды. Ал электронды сигареттерде болатын сұйықтықтың бір миллилитрі үшін 5 теңге төлеуге тура келеді.