«ҚАЗАҚСТАННЫҢ 100 ЖАҢА ЕСІМІ»: АЛҒАШҚЫ АПТАНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ

14

Онлайн дауыс беру басталған 18 қазаннан бері спорт санатында Әсел Мұстафина 603 дауыспен бірінші орыннан түспей келеді. Ал одан кейінгі орындарда Ақжүрек Таңатаров (467 дауыс), Серік Есматов (406 дауыс) тұр.

Ғылым саласында 748 дауыс жинаған Қуаныш Жұмабеков 47 адамның арасында әлі де бірінші орында келеді. Ғалымдардың арасында одан кейінгі ең көп дауыс жинаған үміткерлер Александр Кинцель (624 дауыс) мен Қуат Есенов (350 дауыс).

Мәдениет санатында 1 051 дауыс жинаған Рахат би Әбдісағин өзге үміткерлерден оқ бойы озық келеді. Одан кейінгі орындардан Алексей Ладочников (610 дауыс) пен Ордабек Дүйсен (220 дауыс) көрінген.

Қоғам саласында Сембек Сейдазимов 1 744 дауыс жинаса, одан кейінгі үздік үміткерлердің ішінен Оразалы Сәрсенов (688 дауыс) пен Ержан Жұмабек (690 дауыс) алда.

Бизнесмендер арасында көп дауыс жинағандар Гарик Бернецян (351 дауыс), Геннадий Зенченко (344 дауыс) және Қайрат Молдасейітов (293 дауыс).

Денсаулық саласында Болатбек Баймаханов 2 146 дауыспен қазіргі уақытта осы жобаның ең бірінші орнында тұр. Әріптестерінің ізін ала Жасан Зекейұлы (1992 дауыс) мен Ләззат Айтқожина (1670 дауыс) келеді.