ҚАЗАҚСТАН ӨЗ АЗАМАТТАРЫНЫҢ ШЕТЕЛДЕ ТЕОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ АЛУЫН ҚАЛАЙ РЕТТЕЙДІ?

7

Білім беру жүйесі жеке тұлға мен қоғамда қазақстандық патриотизмді, халықтың ұлттық және рухани дәстүрлеріне деген құрметті қалыптастыруда негізгі рөл атқарады.

Рухани (діни) білім беру ұйымдарынан басқа білім беру ұйымдарында білім жүйесінің негізгі қағидаттары мыналар:

– мемлекеттің білім беру жүйесінің зайырлы сипатын қамтамасыз етуі;

– діни дүниетанымды күштеп таңғаны және насихаттағаны үшін педагогтер құрамының жауапкершілігін белгілеу;

– білім беру ұйымының ішкі құрылымы мен қызметін қандай да бір діни қағидаттардан тәуелсіздігін қамтамасыз ету;

– білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, олардың ата-аналарының (заңды өкілдерінің) ішкі тәртіп қағидаттарын сақтауы, білім беру ұйымының жарғысында және білім беру қызметін көрсету туралы шартта көзделген өзге де талаптарды орындауы;

– білім беру және тәрбие процесінде оқушыларға дін туралы тек ғылыми тұрғыдан білім беру;

– оқыту кезінде қандай да бір діни бірлестікке кіруге немесе онда болуға мәжбүрлеуге жол бермеу;

– діни себептерге байланысты оқушылардың оқу сабақтарына қатысудан бас тартуына жол бермеу;

– білім беру ұйымдарында діни іс-шалар мен миссионерлік қызметті өткізуге жол бермеу;

– білім беру ұйымдарында белгіленген киім үлгісіне қойылатын талаптарды орындау.

Білім беру ұйымдарында «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсын оқыту оқушылардың діни ілімнің ерекшелігі мен тарихы туралы ғылыми білімін қалыптастыруға, жастарды бейбітшілікке, мәдени және діни саналуандылыққа тәрбиелеуге бағытталған.

(Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасынан)

 

Бүгінгі заман – бiлiмдiлер заманы. Табиғи ресурстарға бай ұлттар туралы емес, ой-өрiсi биiк немесе тапшы ұлттар туралы сөз қозғайды. Қазiргi әлем – бiлiм әлемi, қазiргi экономика – бiлiм экономикасы екенi айдан анық. Бiрақ, адамзаттың рухани бiлiмге ұдайы мұқтаждығы экономикалықтан кем емес. Бұл жерде де қазiргi өмiр жағдайында талап етiлетiн сапалы дiни бiлiм алу туралы мәселе туындайды.

Тәуелсiздiк жылдары қазақстандықтардың көбiсi балаларын түрлi шетелдiк ЖОО-ларға жiберу мүмкiндiгiн иелендi. Сонымен бiрге, бүгiнгi күнi барлық елде бiрдей тыныштық орнамағаны баршамызға мәлiм. Қазiргi жағдайда ата-аналар мен шетелдiк жоғары оқу орындарының болашақ студенттерiне түрлi елдердегi дiни ахуалдың ерекшелiгi туралы, олардың тарихын, халқының мәдениетi мен дiлiн бiлгенi маңызды. Жалпы алғанда, Еуропа елдерi мен Америкада шама-шарқынша тыныш болса, араб елдерi мен Азияда жағдай күнара әрi ай сайын өзгерiп тұратынын атап өткен маңызды, бұл ретте дiни фактордың рөлi айтарлықтай.

Өкiнiшке қарай, бiз кей мемелекеттерде, атап айтқанда, Таяу Шығыста кейiнгi жылдары қоғамдық-саяси және дiни ахуал айтарлықтай қиындағанына куә болдық, бұл ол жерде түрлi дiни ағымдардың қарқындауымен, дiнаралық қарсылықтың артуымен, ашық экстремистiк және террористiк ұйымдардың тайталасымен де байланысты. Тәжiрибе де, құқық қорғау органдарының статистикасы да көрсеткендей, ел азаматтарының жөн-жосықсыз шетелде дiни бiлiм алуы жастардың деструктивтi дiни ағым ықпалына түсу қатерiнiң жоғары болуымен тоқайласады.

Жастар шетелде жүргенде тiршiлiк ету және бiлiм алу ортасында бөгде дiни ықпалға душар болуы мүмкiн. Әдетте, бұл атағы онша шықпаған ұйымдар, түрлi дiни қауымдастықтар мен бауырластық делiнетiндердiң ордендерi демеушiлiк жасайтын түрлi тiлдерге оқыту орталықтары, орналасқан елдегi мемлекеттiк бақылауға алынбаған ғибадат ғимараттарына бару, күмәндi дiни көшбасшылардан жеке сабақ алу мен дәрiстерiн тыңдау арқылы орын алып жатады.

Сонымен қатар, шетелде кейбiр дiни ұйымдар әрқилы зайырлы атаулармен бүркемеленетiнiн де ойдан шығармаған жөн. Мәселен, тегiн ағылшын немесе араб тiлiнiң, өзiн-өзi дамыту, қарапайым психология, бизнес жүргiзу негiзiн үйрену курсына, шешендiк өнер курсына шақырудың артында бейхабар шетелдiктердi өз қатарына тартатын деструктивтi ұйымдар тұруы мүмкiн.

Осыған орай бiз тағы да қазақстандық ата-аналарды балаларының қай шетелдiк дiни орталықтарда бiлiм алуына аса байыпты қарауға үндегiмiз келедi. Ол оқу орны күмәндi яки жаман атағы шыққан оқу орны болмағаны айырықша маңызды. Өкiнiшке қарай, күмәндi оқу орнын тамамдаған оқушылар алған дипломдарымен жұмысқа орналасуда қиыншылыққа тап болуы және жұмыссыз қалуы мүмкiн. Бұл жайында бүгiн жоғары оқу орнын таңдаған кезде ойланған жөн.

Осы жағдайда «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дiни қызмет және дiни бiрлестiктер мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы азаматтардың шетелде теологиялық бiлiм алуын қатаң реттеудi көздейдi, сөйтiп қазақстандық дiни қызметшiлердiң қатарын жалған уағызшылардан, ал қоғамды – жалған дiни идеялардан тазартпақшы.

Бұл шара – қазақстандық қоғам бiрауыздан дерлiк қолдағандардың бiрi. Бұл түсiнiктi де: азаматтарымыздың бөгде дiни дәстүрлерге бой ұруы шектен шығып, қауiптi күйге енуде. Кейбiр сарапшылардың ойынша, бұл процестi 20 жыл бұрын бақылауға алғанда, елiмiздегi жекелеген иман келтiргендердiң дiни бағдарымен байланысты көптеген проблемалардан құтылуға болар едi.

Статистикаға сәйкес, Қазақстан азаматтарының 90 пайызға жуығы өзiн иман келтiргендерге, олардың 70 пайызынан астамы – мұсылмандарға жатқызады. Дегенмен, мәселе олардың бiрқатары ғана сол дiннiң бүге-шiгесiн шын мәнiнде түсiнедi және хақ исламды радикалды жалған iлiмнен ажыратуға қабiлеттi. Қалғандары, әдетте, ыңғайға көнiп, кiм дiлмар әрi нық сөйлесе, соған сенедi. Әрқилы дiнге тартатындар мен жалған уағызшылар мұны бұрыннан ойдағыдай пайдаланып келедi. Соңғыларының арасында бiздiң азаматтар да бар, бiр кездерi тегiн дiни бiлiм iздеп елден кедергiсiз кетiп, қайта оралғанда дипломмен бiрге бөтен дәстүр мен бөтен идеологияны ала келдi.

Алғаш рет шетелдiк теологиялық бiлiмге тыйым салу қажеттiлiгi Дiн саласындағы мемлекеттiк саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасында жазылды. Ол дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы жаңа заң жобасын дайындаған кезде өзiндiк идеологиялық негiзге айналды, ол заң елеулi қоғамдық пiкiрталасқа салынды.

Бүгiн қазақстандықтар үшiн сапалы дiни бiлiм алуға барлық жағдай жасалды, бұл сатыда дiни бiлiмдi қазақстандық дiни оқу орындарында алған орынды. Ата-аналар мен студенттер Қазақстанда сапалы дiни бiлiм алу үшiн барлық мүмкiндiк барын бiлуi тиiс. Атап айтқанда, елде бiр университет пен тоғыз ислам медресесi, православ және католик дiни семинариясы жұмыс iстейдi.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1993 жылдың өзiнде күрделi экономикалық жағдай болса да, шетелдiк әрiптестерiмен Алматы қаласында «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениетi университетiн (суретте) ашу туралы келiсiм жасасты. 2000 жылы өз қызметiн бастаған кезден бастап осы уақытқа дейiн университет нығайды, бiлiктi мамандар — дiнтанушылар, исламтанушылар, араб және ағылшын тiлiнен аудармашылар, заман талабына сай басқа да мамандарды даярлайды. Аталған оқу орындарындағы барлық бағдарламалар Қазақстанның Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң талаптарына сай және зайырлы пәндердi де, дiни пәндердi де қамтыған.

Шетелде православ бiлiмiн Ресей федерациясының Мәскеу, Санкт-Петербург, Екатеринбург, Тобыл, Томск және басқа да қалаларындағы дiни семинарияларда алуға болады.

Зайырлы бiлiмнiң құрамдас бөлiгi ретiнде елдiң алты жоғары оқу орнында дiнтанушы мамандар даярлайды: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ, «Нұр-Мүбәрак» университетi, Қожа-Ахмет Яассауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрiк университетi мен Шет тiлi және iскер мансап университетi.

Ендi негiзгi дiни пәндерден бөлек, олардың бағдарламасына заманауи талапқа сәйкес зайырлы пәндер де енгiзiлдi. Яғни, медресе-колледждердiң мемлекеттiк үлгiдегi дипломын алған түлектерi ҚМДБ жүйесiнде ғана емес, мемлекеттiк мекемелерде де қызмет атқара алады. Бұл, әрине, олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттырады.

Заңнама нормасы қазақстандықтарды шетелдiк дiни оқу орындарында бiлiм алу мүмкiндiгiнен айырмайтынын түсiну керек. Қалаушылардың бұған құқы бар, бiрақ бiр шартпен – базалық жоғары дiни бiлiмдi олар Отанында алуы тиiс. Содан соң ғана шетелдiк жоғары оқу орындарында магистратура немесе докторантурада оқуын жалғастыра алады, бiрақ тиiстi келiсiм жасалғандарында ғана.

Бүгiнгi күнi ҚМДБ әлемге танылған «әл-Азхар» университетiмен (Египет), «Хасеки» институтымен (Түркия), Ташкент ислам университетiмен (Өзбекстан), сондай-ақ Ресейдiң теологиялық оқу орындарымен келiсiмге қол қойды.

ҚМДБ ұсынымы болған жағдайда қазақстандықтар олардың кез келгенiне түсе алады. Оның үстiне, аталған келiсiмдер бiздiң оқытушыларға зор мүмкiндiк бередi, олар онда тағылымдамадан өте алады, бiлiктiлiгiн арттырып, бiлiм алмасады.

Тобықтай түйін: Алғашқы теологиялық бiлiмдi Қазақстанда алу ең алдымен өзге мемлекеттiң бөтен мәдени және дiни ортасына түскенге дейiн ұлттық кодты нығайту және сақтау қажеттiлiгiнен туындағанын айырықша атап өткен абзал. Жастар ешқандай шетелдiк бiлiм қазақстандық дәстүр мен тарихқа қайшы келсе, пайда әкелмейтiнiн түсiнуге тиiс. Сондықтан кешегi мектеп оқушыларының ата-аналары дiни оқу орнын таңдаған кезде дұрыс қадамға барып, Отанымыз – Қазақстан Республикасының өсiп-өркендеуi олардың алған бiлiмiне байланысты екенiн естен шығармауы керек.

Бағдад Мұқанова,

Дiн iстерi басқармасының бөлiм басшысы, Солтүстік Қазақстан облысы