ҚАЙ БАҒЫТТАҒЫ ПОЙЫЗ БИЛЕТІ ЕКІ ЕСЕГЕ АРЗАНДАЙДЫ?

16

11 сәуір мен 31 мамыр аралығында бірқатар бағыттағы пойыз билеттеріне жеңілдіктер жасалады. Айталық, «Тұлпар-Тальгоның» сегіз бағыттағы жүрдек пойыздарының билеті 50 пайызға арзандайды. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ Баспасөз қызметі хабарлады.
Көктемгі жеңілдіктер 11 сәуір мен 31 мамыр аралығында жасалады. Тек 27 сәуір мен 1 мамыр және 4-9 мамыр аралығында арзан билеттер қарастырылмаған.
Жолаушылар сегіз бағыт бойынша жүретін пойыздардың билетін 10-нан 25 пайызға дейінгі жеңілдікпен сатып ала алады: «Алматы – Атырау» (№035/036), «Алматы – Өскемен» (№045/046), «Алматы – Орал» (№049/050), «Астана – Қызылорда» (№089/090), «Астана – Орал» (№095/096), «Ақтөбе – Астана» (№097/098), «Алматы – Астана» (№701/702) және «Шымкент – Астана» (№709/710).
Осылайша, жаңа көктемгі жеңілдіктерді ескере отырып, жолаушылар 11 сәуірден бастап 50 пайыз арзан бағаға билет сатып ала алады.
Бұдан бөлек, 45 тәулікке дейін билетті алдын ала сатып алған адамға барлық бағыттағы пойыз билеттеріне 35 пайыз жеңілдік бар.