ҚАРАША АЙЫНДА «ШЫҢҒЫС ХАННЫҢ ҚЫЗЫН» КӨРУГЕ БОЛАДЫ

26

Отандық «Шыңғыс ханның қызы» шытырман оқиғалы фильмнің ресми трейлері жарық көрді. Тарихи және комедия жанрларының қосындысынан тұратын кинотаспа отандық экрандардан биылғы жылдың 8 қарашасынан бастап көрсетіледі.
Сюжет бойынша әйгілі басқыншы Шыңғыс ханның қыздарының бірі болашаққа саяхат жасайды. Заманауи Қазақстанға тап болған бойжеткен өзі үшін жаңа әлем ашып, күтпеген қызықты жағдайларды басынан өткереді. Кейіпкерді ғажайыпқа толы шытырман оқиғалар күтеді.
Шыңғыс хан қызының рөлін жас актриса Ақниет Орынтай сомдады, ал Моңғол империясының ханын Ерден Телемісов ойнады. Басқа да қызықты кейіпкерлердің рөлдерінен көрермендер Әлия Телебарисованы, Вахид Изимовты, Альфия Баталованы және Яна Бобрыканы көре алады.
Фильм қоюшысы – продюсер Ильхам Жалилов болды. Бұл жоба оның режиссерлік дебюті.
Картина түсірілімі осы жазда Алматыда, Астанада, сонымен қатар, Франция астанасы Парижде өтті. Таспа өндірісімен Master film компаниясы айналысты.