ҚОШ БОЛ, ОРЫС ТІЛІ!

21

Украина президенті Петр Порошенко қол қойған білім туралы жаңа заңға сәйкес, келер жылы барлық мектептерде бесінші сыныптан бастап украин тілінде оқыту міндеттелген. Ал, 2020 жылдан бұл бастама бастауыш сыныптарды да қамтымақ. Жаңа заң бойынша оқушылар ана тілін тек жеке пән ретінде оқи алады.

Порошенконың бұл батыл қадамы түрлі дау-дамайға ұласуы мүмкін. Өйткені, елдегі орыс, поляк, румын және венгр диаспроларының өкілдері алаңдаушылық білдірсе, бірқатар Еуропа мемлекеттері украиналық әріптестеріне хат жолдап үлгерді. Ресей де қатаң сынады. Алайда, Украина басшысы мұндай реформа мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, бәріне теңдей мүмкіндік беретінін айтты.

Айта кетейік, Украинада 8,3 миллион орыс ұлтының өкілі тұрады.