ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ ЮНИСЕФ БАСШЫСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

12

ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Астанаға алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі жаһандық конференцияға келген ЮНИСЕФ-тің атқарушы директоры Генриетта Формен кездесті. Форум Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы, ЮНИСЕФ және Қазақстан Үкіметінің қатысуымен ұйымдастырылды.
Қайрат Әбдірахманов Қазақстан тарапының баланың құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық міндеттемелерге толықтай айнымастығын баса айтып, осы саладағы Президенттің тапсырмаларын іске асыру туралы ақпаратпен бөлісті. Министр ЮНИСЕФ-ке Қазақстанға ана мен бала денсаулығы және балаларды қорғау мәселелеріне қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді. БҰҰ Балалар қорының қолдауымен кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігін дамыту және өмірдің барлық саласында балалардың тең мүмкіндіктерін жасауға бағытталған бағдарламалар мен жобалар жүзеге асырылуда.
Генриетта Фор еліміздегі денсаулық сақтау деңгейінің жағымды әсерімен бөлісіп, Қазақстан дамып келе жатқан әлеммен өз тәжірибесін бөлісуге және оның орнықты дамуына жәрдемдесуіне тілегін білдірді.
Тараптар денсаулық сақтау кызметтерін жаппай қамтуға бағытталған бағытты ілгерілетуде бір-бірін қолдауға келісті. Астана қаласында қабылданған Декларация 1978 жылы Алма-Ата тарихи декларациясының логикалық жалғасы болып табылады және бұрынғы алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесін нығайтуға бағытталған.
Сонымен қатар, Қазақстан ЮНИСЕФ-тің бүкіл әлемдегі шиеленіс аймақтарындағы балаларды қорғаудағы рөлі мен қызметіне ерекше мән береді. Өз кезегінде, ұйым Сириядағы жағдайды бейбіт реттеу бойынша Астана процесіне қызығушылық таныта отырып, оның шеңберінде жанжалдасушы тараптар балалардың құқықтарын қамтамасыз ету және оларды шиеленіс салдарынан қорғау үшін нақты қадамдар жасау қажеттілігі айтылды.