«ҰЛЫ ДАЛА КОМЕДИЯСЫ» 28 ҚАЗАНДА ЖАРЫҚҚА ШЫҒАДЫ

34

Ғаламтор кеңістігінде басты рөлді атақты әнші Төреғали Төреәлі сомдайтын «Ұлы дала комедиясы» фильмінің трейлері пайда болды. Туынды отандық айналымға ағымдағы жылдың 28 қазанында шығады.
Таспа авторлары аталған фильмнің постері мен саундтрегін де көрерменге ұсынды. Фильмнің музыкалық сүйемелдеуі «Кино көрем» атты шығарма болды. Әнді Төреғали Төреәлінің өзі Ғазизхан Шекербековпен бірге орындады.
«Ұлы дала комедиясы» фильмі әнші Төреғали Төреәлінің өзі жайлы баяндайды. Тілшімен болған даудан кейін әртіске түрлі жағымсыз пікірлер айтылады. Жұлдызды өмірден шаршаған әнші бір күні танымал емес болып оянады. Оның тұлғалығы енді ешкімге беймәлім әрі қызықсыз, оның орнына басқа әнші көрермен жинап жүр. Бір қарағанда, әртістің тыныш өмірге қатысты арманы орындалғандай көрінеді, бірақ шығармашылыққа деген махаббат сол қалпында қалады. Кейіпкер бұрынғы атақ-даңқын қайтара ала ма? Міне, бұл фильм осы сұраққа жауап іздейді.
Таспа түсірілімі осы жазда Алматыда өтті. Түсірілім алаңында актерлар Мәдина Оспанова мен Дәулет Бижанов Төреғали Төреәліге серіктес болды.
Жобаның режиссері – Дархан Сәркенов. Қоюшы үшін бұл «Екі адамдық мақала» картинасынан кейінгі екінші толықметражды фильм болғанын атап өткен жөн.