ӘЗЕРБАЙЖАНДА ҚАЗАҚ АУДАНЫ БАР

40

Қазақ ауданы – Әзербайжанның солтүстiк-батысында орналасқан әкімшілік бөлініс. Аудан Грузия және Армения Республикаларымен шекаралас орналасқан. Жер аумағы 701 км2. Құрамында 21 ауыл мен 1 қала бар ауданның халық саны – 86 мың адам. Аудан орталығы – Қазақ қаласы.

Сәкен Сейфуллин бұл өлке туралы өзінің бір еңбегінде былай деп жазады: «…Ноғайлыдан бөлініп «қазақ» болғаннан кейін де қазақтардың қайтадан бұрынғы түп ноғайларына кеткендері де болған. Мәселен, Ақназар ханның баласы Ахметкерей бастап Кубанға кеткен қазақтар, тағы басқалар» (С.Сейфуллин. VI том, 34 бет, Алматы, 1964). Ақынның «Кубанға кеткен қазақтар» дегені қазіргі кездегі ноғай халқы құрамының есебінде жүрген қазақтар екені дау тудырмаса, ал «тағы басқалар» тіркесінен Кавказ халықтары арасында, дәлірек айтсақ, әзербайжандар арасында орын тепкен қазақтарды меңзеген деп түйіндеуге болатын секілді.

«QAZAQ»-АҚПАРАТ