ӘЗЕРБАЙЖАННЫҢ ӨКІНІШІ

45

2016 жылы Рио Олимпиадасында 77 келіде ерлер арасында өнер көрсеткен қазақстандық ауыр атлет Ниджат Рахимов топ жарды. Ал бұл Олимпиада чемпионын осы жұрт біле ме екен? Білмесе айтайық, әзербайжандық Ниджат Рахимов 2014 жылы Қазақстан азаматтығын алды. 2015 жылдан бері спортшы халықаралық ареналарда Қазақстанның намысын қорғап жүр. 2015 жылы АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен әлем чемпионатында Әзербайжанның тумасы 77 келіге дейінгі салмақта алтын медаль иеленіп, Қазақстанның туын көкке көтерді. 

Рас, Қазақстанның ұлттық құрамасында легионерлердің қатары өте көп. Әсіресе, ауыр атлетикада. Өз елінде жағаға шығып қалған балықтай күй кешкен сол легионер спортшылардың басым бөлігі үмітті ақтап та жүр. Ауыр атлетикада Светлана Подобедова, Мая Манеза, Зульфия Чиншанло (осы үш ауыр атлет допинг дауына байланысты Лондон Олимпиадасындағы алтын медальдарынан айырылды), Арли Чонтей, Фархад Харки сынды ауыр атлеттердің тағдыры бізге белгілі. Алғашқысы Ресейге, қалғандары Қытайға ренжіп біздің елге келді. Бұл «Арқада қыс жылы болса, арқар ауып несі бар» дегенге саяды. Ал оларды Қазақстан халқы жатырқаған жоқ. Федерация бар жағдайларын жасады. Ішкендері алдында, ішпегендері артында болып тұр. Қазақстан бұл легионер спортшыларға кәдімгі инвестиция ретінде қарады. Кейбірінің қайтарымы мол болса, кейбірі үмітті, кеткен шығынды ақтамай жүр. Алысқа бармай-ақ қояйық, Рио Олимпиадасында қытайлық легионер Фархад Харки (ауыр атлетика) мен моңғол қызы Галбадрах Отгонцэгцэг (дзюдо) Қазақстан қоржынына қола медаль салды. Жалпы біздегі легионерлер туралы көп жазуға болады. Бірақ, бұл тақырып өзге мақаланың өзегі болса керек.
Қазақстан азаматтығын алмай тұрып та Ниджат Рахимов Әзербайжанның атынан біраз жетістікке жетті. Айталық, 2010 жылы Сингапурде өткен жастар арасындағы Олимпиада ойындарының жеңімпазы. 2013 жылы жастар арасындағы әлем біріншілігінде екінші орын алған. Сонымен қатар, ол Татарстан астанасы Қазанда өткен 2013 жылғы Универсиадада Әзербайжан елінің туын ұстап шыққан. Бірақ, бұл бәсеке барысында бірінші жаттығудың өзінде зілтемірді төбесіне көтере алмай, жүлдесіз қалған. Осыдан кейін ауыр атлеттің спорттағы аяқ алысы нашарлай бастайды. 2014 жылдың басында «Ниджат Рахимов Қазақстан азаматтығын алады» деген әңгіме спортшының әкесінің әзербайжандық БАҚ өкілдеріне берген атышулы сұхбатынан соң шыққан болатын. Мұндай шешімді спортшы ауыр атлетикадан Әзербайжан құрамасының бапкерлерімен сөзге келіп қалған соң қабылдаған екен. Бұдан кейін Қазақстан ауыр атлетика федерациясы бұл спортшыға қолқа салады. Рахимовтың азаматтық ауыстыруына байланысты Қазақстан мен Әзербайжан ауыр атлетика федерациялары арасындағы келіссөздер ұзаққа созылды. Бірақ, екі тарап бітімге келіп, Әзербайжан тарапы Ниджаттың Қазақстан атынан бәсекелерге қатыса беруіне келісім берді. Содан әзербайжандық ауыр атлет 2014 жылы Қазақстан азаматтығын алды. Қазір ұлттық құраманың белді мүшесі.
Қазақстан атынан 2015 жылы әлем чемпионы болған ол 2016 жылы Олимп шыңын бағындырып отыр. Біздің легионер жеңілуді білмейтіндей көрінген 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы, үш дүркін әлем чемпионы, рекордсмен қытайлық Люй Сяоцзюньнің жолын 2015 жылы Хьюстонда да, 2016 жылы Рио-де-Жанейрода да кесті.
Иә, атағынан ат үркетін қытайлық қарсыласын жеңген Ниджат Рахимов Олимпиада чемпионы мен жүлдегерлерін марапаттау кезінде еңіреп тұрып жылады. Бұл қуаныштың да, өкініштің де көз жасы шығар. Неге десеңіз, чемпионның қуанатыны – атақты Люй Сяоцзюньнің алдын орап, қоссайыс қорытындысында рекордты жаңартып, Олимпиада чемпионы атанды. Яғни, ең алдымен кезінде өзінен сырт айналған Әзербайжан ауыр атлетика федерациясына, туған еліне мықтылығын сөзбен емес ісімен дәлелдеді. Ал өкінетіні (біздің ойымызша) – Рио төрінде өз елінің атынан өнер көрсетуге, Әзербайжан туын көкке көтеріп, әнұранын шырқатуға мүмкіндіктің болмағанына. Қалай болғанда да, Ниджат Рахимов Қазақстан ауыр атлетика федерциясына, жалпы қазақ халқына дән риза. Оған біздің сенгеніміз үшін, әлемдік жарыстарда өнер көрсетуге жағдай жасап, мүмкіндік бергеніміз үшін. Өйткені, Әзербайжанда қалып қойғанда ол мұндай жетістікке жетер ме еді, жетпес пе еді, мәселе – сонда. Мұны чемпион жақсы түсінеді.
Бір анығы – Әзербайжан халқы бүгінде Ниджаттай алтын ұлынан айырылып қалғанына өкінеді. Ал Әзербайжан ауыр атлетика федерациясы кезінде Рахимовтың мықтылығына сенбегендері үшін, спортшыдан сырт айналғандары үшін бармақтарын шайнап жатқандары анық. Ниджат Рахимов Олимпиада чемпионы болған 2016 жылдан бері Әзербайжанның бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері ол туралы түрлі басылымдарда, порталдарда жарыса жазып, телеарналарда жарыса көрсетіп, радиоларда жарыса айтып жатыр. Бәрі де спортшының Олимпиадада бұл алтын медальді Әзербайжанның атынан алмағанына, кезінде оның Қазақстан азаматтығын алуына жол бергендеріне өкініш білдіреді. Олар Ниджат Рахимовтың Қазақстан туының астына өтуіне сол кездегі ауыр атлетикадан Әзербайжан ұлттық федерациясының басшылығын тікелей кінәлап отыр.
Ниджат Рахимов Олимпиада чемпионы болған күні мақалалар жариялаған оқырманы ең көп саналатын әзербайжандық sportbox. az және azerisport.com порталдарындағы мақалаларға қысқаша шолу жасап көрелік.
Sportbox.az порталы «Как страна теряет олимпийских чемпионов: Послесловие к победе Ниджата Рахимова» деген тақырыппен сараптамалық мақала жариялады. Автор Теймур Максутов: «В интервью azerisport, отец олимпийского чемпиона тогда говорил, что болгарский тренер сборной Златан Ванев создавал условия только для своих, болгарских атлетов-легионеров, и ему не выгодно было работать с азербайджанским штангистом. На тренировках Ванева, по словам Али Рагимова, с ребятами серьезно не занимались, спортсмены буквально спали на тренировках. Все это отразилось на Ниджате, который неудачно выступил на Универсиаде 2013 года в Казани. Тогда, вместо того, чтобы попытаться удержать перспективного спортсмена, Ниджату сначала предложили вариант с Грузией, а потом исполнительный директор национальной федерации Азербайджана по тяжелой атлетике Искендер Аскеров и вовсе заявил, что за Ниджатом никто бегать не собирается. Через полтора года после этого, отбыв дисквалификацию, в ноябре 2015 года на чемпионате мира в Хьюстоне в составе сборной Казахстана Ниджат Рахимов стал чемпионом мира. Почему Ниджат Рахимов столкнулся с таким безразличным отношением со стороны Федерации тяжелой атлетики Азербайджана, не поддается логическому объяснению. Как и то, почему в сборной Азербайджана столько лет всем управлял хитрый и расчетливый Златан Ванев», – деп жазды.
Sportbox.az тілшісінің жазуынша, Ниджаттың туған елінен Қазақстанға кетуіне ауыр атлетикадан Әзербайжанның сол кездегі бас бапкері Златан Ванев тікелей кінәлі. Болгар маманының кінәсін аzerisport.com порталы да жазды. Аталған портал спортшының әкесі Әли Рахимовтың 2014 жылы ақпанда берген сұхбатында «Я сказал представителям федерации, что Ниджат больше не будет выступать за Азербайджан, пока сборную возглавляет Ванев» деп айтқан сөзін тақырып ретінде алып, оның сол сұхбатын ықшамдай отырып, мақала жариялады.
2014 жылы Әли Рахимов сұхбатында: «Поймите меня правильно, я не хочу, чтобы мой сын выступал в команде, где нет дисциплины, где спортсмены пьют, курят и занимаются ненужными делами. В этой непростой обстановке результаты Ниджата снижаются и он превращается в неудачника. Как может главный тренер сборной допустить такую анархию, я не знаю. Ниджат в 2010 году стал чемпионом I юношеской Олимпиады, считался одним из будущих лидеров сборной. Но в прошлом году (2013 жылды айтып отыр, – ред.) его результаты стали ухудшаться. И тогда я сам взялся за его тренировки. В преддверии молодежного первенства мира он в сумме двоеборья поднимал 375 кг, а на соревновании с 340 кг стал вторым. Я сам был готов ехать в Перу за свой счет, но представители федерации обманули меня, взяв мой паспорт. А в последний день сказали, что не сумели купить билет» – деп, баласының жарқын болашағы үшін осындай қадамға баратынын айтқан екен.
Болгар маманына өкпесі қара қазандай болған Әли Рахимов баласының Қазақстан азаматтығын алуына ауыр атлетикадан Әзербайжанның сол кездегі бас бапкері Златан Ванев кінәлі екенін ашық айтыпты. Өз кезегінде сол тұстағы бас бапкер спортшының әкесі айтқан бұл айыптаулармен мүлдем келіспейтінін, бәріне Ниджаттың өзі кінәлі екенін, тәртіпке бағынбағаны үшін ұлттық құрамадан шеттетілгенін алға тартыпты.
Иә, Златан Ванев пен Әли Рахимовтың арасындағы айтыс-тартыс ұзаққа созылды. Екі жақтың да өз шындығы болды. Екі тарап бір ортақ шешімге келе алмады. Жоғарыда жазғанымыздай, ақыры Ниджат Рахимов Әзербайжанның ұлттық құрамасынан шеттетілді. Артынан ауыр атлет Қазақстан азаматтығын алып, біздің елдің атынан халықаралық жарыстарға қатыса бастады. Ауыр атлеттің жетістігі көз алдарыңызда – Олимпиада, әлем чемпионы. Бұл жоғары жетістікке Әзербайжанның емес, Қазақстанның атынан жетті. Бұған күйінген әзербайжандықтар енді өкініп отыр. Өкінбегенде қайтеді, Рио Олимпиадасында Әзербайжан ұлттық құрамасының қоржынына тағы бір алтын медаль артық болмас еді.
«Ниджат Рахимов, ставший олимпийским чемпионом в Рио, выступая за Казахстан, мог бы сейчас выступать за свою родину – Азербайджан. Однако, 2 года назад бездействие руководства национальной федерации тяжелой атлетики привело к тому, что Рахимов покинул эту страну» деп жазған azerisport.com порталы «қолда бар алтынның қадірін білмегендеріне» өкініп отыр.
Бір қызығы, сол кезде sportbox.az, azerisport.com сынды Әзербайжанның көптеген бұқаралық ақпарат құралдары Ниджаттың әкесі Әли Рахимовтың сөзін сөйлеп, баласы үшін шырылдаған болашақ Олимпиада чемпионының жағында болған жоқ. Болгар маманы Златан Ванев қызметінен кеткен соң, ауыр атлет Олимпиада, әлем чемпионы болған соң сол кезде үнсіздік танытқан Әзербайжанның бірқатар БАҚ өкілдерінің шырқыраған үні енді шыға бастады.

Тобықтай түйін: «Егер туған еліне қайта шақырса бара ма?» дейтін жұртшылықтың көкейінде жүрген сауалға Ниджат Рахимов: «Мен Қазақстанда қаламын. Елге енді тек қонақ ретінде баратын шығармын, Қазақстанға әбден үйреніп қалдым…» – деп жауап беріпті бір сұхбатында. Несі бар, «допинг дауынан» аман болса, Ниджат Рахимовтың әлем біріншіліктерінде,
2020 жылғы Токио Олимпиадасында Қазақстан туын қайта көкке көтеріп, әнұранын шырқатуға мүмкіндігі зор!

Мадияр ӘЗИЗҰЛЫ, “QAZAQ” газеті