ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНҒАН ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ

29

Біріккен Араб Әмірлігінің (БАӘ) астанасы – Абу-Даби қаласында жасөспірімдер  арасында  джиу-джитсудан  әлем чемпионаты  өтті.  Бұл байрақты бәсекеге Қазақстанның да үкілі үміттері қатысты.

Әлем біріншілігінің алғашқы күні «Qazaqstan Top Team» командасының спортшылары, бапкер Нұрсұлтан Орын-басаровтың шәкірттері Жібек Құлымбетова мен Алина Махамбет сайысқа түсті. 32 келі салмақта өнер көрсеткен 11 жастағы Жібек ақтық сынға араб спортшысымен шығып, ауырту тәсілін жасау арқылы жеңіске жетті. Ал, Алина Махамбет (36 келі) жартылай финалда БАӘ спортшысымен кездесіп, жүлделі 3-ші орынға ие болды.
Бұдан бөлек, 13 жастағы Бекзат Жаманбай (45 келі) 23 сәуір күні өткен жарыста жақсы өнер көрсетіп, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Бұл әлем біріншілігінің жасөспірімдер категориясында өнер көрсеткен «Сағадат батыр» спорт клубының шәкірттері жеткен жетістік.
Айта кетейік, 11 жастағы Жібек Құлым-бетова джиу-джитсумен айналысқанына 1 жылдың жүзі ғана болды. Ол Алматы облысында орналасқан «Сағадат батыр» спорт клубында жаттығады. Жас спортшы бұған дейін талай республикалық, халықаралық жарыстарда жүлдегер атанған еді.