«ӘРҚАШАН КҮН СӨНБЕСІН!»

10

«Алматы қаласының психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға арналған күндіз болу орталығы» КММ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Балбұлақ» Республикалық балаларды оңалту орталығымен бірлесе отырып осы орталықта емдік іс-шара қабылдап жатқан Республиканың барлық аймақтарынан келген балалар мен ата-аналарының, Күндіз болу орталығы қызмет алушыларының қатысуымен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Әрқашан күн сөнбесін!» атты әлеуметтік-мәдени іс шара өткізді.

Мерекенің басты мақсаты – мүмкіндігі шек-теулі балаларды ортаға бейімдеу, қоғамға кіріктіру, әлеуметтік-мәдени және рухани қажеттілігін қанағаттандыру, қарым-қатынас аясының кеңеюін, тынығу іс-шараларын тиімді өткізу.
Мерекені бөлісуге Қазақстан эстрадасының жас әншілері Игенов Саттар, Туғанбай Бекзат, Мейір Қайрат, Раша Мұқанов, «Сұлу» би тобы, «Балдырған» балалар театры, Оқушылар үйінің «Капелька» вокал студиясы, «Жібек жолы» би тобы, «Бизнес молодость Казахстан» ұйымы атсалысты.
Мерекелік іс-шарада Ағайдарова Құлпынай «Жаңа күн», «Бала тілегі», Малик Айым «Ертегілер» әндерімен, Серік Болат «Гангнамстайл» биімен көрермендерді, қонақтарды тәнтті етті.
Мереке соңында балаларға демеушілер тарапынан ұйымдастырылған қайырымдылық түскі ас, тәтті тағамдар, сыйлықтар ұсынылды.

Нұрғайым ДҮЙСЕНБАЕВА,
«Алматы қаласының психоневро-логиялық ауытқулары бар
мүгедек балаларға арналған күндіз болу орталығы» КММ
директордың әлеуметтік жұмысы жөніндегі орынбасары