КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІЛЕР ҮШІН ЖЕЛТОҚСАН АЙЫНАН БАСТАП НЕ ӨЗГЕРЕДІ?

0
62

Қазақстанда 2018 жылдың 1 желтоқсанынан бастап көлік иелері жаңартылған форматта техникалық куәліктер ала бастады. Бұған дейін бұл өзгерістер ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығына енгізілген-ді.

Енді көлікті тіркеу туралы жаңартылған үлгідегі куәліктерді беру кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Атап айтқанда, жаңа құжатты 2018 жылдың 1 желтоқсанынан бастап Астана мен Алматының көлік иелері, ал 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап елдің барлық өңірінің көлік иелері алады.

Жаңартылған техникалық куәліктің көлемі кішкентай – 5,5 пен 8,5 см (бұрынғы өлшемі 7,5 пен 10,5 см), яғни әмиянға оңай сыяды. Ультракүлгін, голографиялық қорғаныш белгілері мен микрочип болады. Ал, түсі – ақшыл көк.

Чипте мемлекеттік тіркеу нөмірі, сериясы мен құжаттың тіркеу нөмірі, құжаттың берілген күні, көліктің маркасы, шығарылған жылы, қозғалтқыш көлемі, санаты, нөмірі, салмағы, түсі, рұқсат етілген жүктің салмағы, иесі, алғаш тіркелген күні, ерекше таңбалары, көлік иесінің тұрғылықты жері, есептен шығару туралы мәлімет, идентификациялық нөмір, көлік құралын қайта жабдықтау туралы мәлімет және басқа да мәліметтер сақталады.

Жаңартылған техникалық куәлікті 2018 жылдың бірінші қаңтарынан (Астана мен Алматы), 2019 жылдың 1 қаңтарынан (басқа өңірлер) кейін көлігін тіркейтін немесе қайта тіркейтін көлік иелері алады.

Жаңартылған құжат үшін төленетін мемлекеттік баждың құны бұрынғы мөлшерде қалады – 1,25 АЕК (2018 жылы 1 АЕК — 2 405 теңге, 2019 жылы 1 АЕК – 2 525 теңге).

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here