«SAGADAT BATYR» ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

0
249

«Нұр Отан» партиясының Іле аудандық филиалының бірінші орынбасары Ерболат Сапарұлының қолдауымен «Sagadat batyr QTT» спорт клубының жыл сайынғы дәстүріне айналған есеп беру кеші өтті.

Мерекелік іс-шарада 40-тан аса джиу-джитсу шеберлерін естелік сыйлықтар мен «Үздік спортшы», «Ең жақсы техника», «Еңбекқор спортшы», «Батыр қыз», «Сағадат батыр мақтанышы» сынды номинациялармен марапаттады.

«Жыл үздігі – 2018» номинациясымен Абу-Даби қаласында (БАӘ) джиу-джитсудан өткен әлем чемпионатының чемпионы, Ош облысында (Қырғыз Республикасы) өткен «Alay open» халықаралық турнирінде ұл балалар арасында чемпион атанған, елімізде өткен «Astana CUP», «Arlan Grip», «Sagadat batyr» халықаралық турнирлерінің чемпионы болған Жібек Құлымбетова мен Ош облысында (Қырғыз Республикасы) өткен «Alay open» халықаралық турнирінің чемпионы, елімізде өткен «Astana CUP», «Arlan Grip», «Sagadat batyr» халықаралық турнирлерінің чемпионы Жанәли Серік, «Үздік бапкер – 2018» номинациясымен Диас Қанайбеков, «Білікті бапкер» номинациясымен Елжан Жұмәділ және Айтпанбет Самат марапатталды.

Арнайы шақырылған қонақтар, ата-аналар керемет кештің куәсі болды. Кеш қонағы Іле аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Іле ауданының Құрметті азаматы, аудандық мәслихат депутаты Исаев Әмзе Әлдібекұлы джиу-джитсудан «Спорт шеберлігіне үміткер» спорттық атағын Мақсат Мұратұлы мен Ермахан Сағидоллаевқа табыстады.

Қазіргі таңда «Sagadat batyr» спорт клубында 150-ден аса шәкірт жаттығып, әлемдік ареналарда джиу-джитсудан Қазақстан намысын қорғап келеді.

«QAZAQ»-АҚПАРАТ

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here